Қоғам

Құрттаған күріш, іріген сүт: әлеуметтік көмектің сиқы

5
(1)

Құрттаған күріш, іріген сүт! Кепілдендірілген әлеуметтік пакет алып жүрген көрермен азық-түліктің сапасына көңілі толмайтынын айтып, біздің арнаға хабарласты. Оның сөзінше, ай сайынғы берілетін азық-түлік себетін балаларға беру мүмкін емес. Себебі қораптарын тышқан тессе, ботқаларының мерзімі өтіп кеткен. Жалпы азық-түлік себетіне қашан өзгеріс енгізіледі? Мамандар қандай уәж айтуда? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылордалық Меруерт Айтимова атаулы әлеуметтік көмек алып жүргендердің қатарында. Екі баласына тұрақты түрде азық-түлік себетімен қамтамасыз етіледі. Алайда,  көмектің бұл түріне көңілі толмайды. Себебі, әлеуметтік қораптың ішіндегі күріш, ботқалар, өзге де тауарлардың сапасы сын көтермейді. Ал соңғы келген күріштің ішінен тіпті құрт шыққан.

Меруерт АЙТИМОВА, қала тұрғыны

Өздеріңізге көрсеткендей күріштің тең жартысы құрт. Берілген заттар құнарсыз. Оны бала жемейді. Жазбаша түрде ұсыныс тастадық  ауызша да айтып жатырмыз, соц пакеттің құрамын ауыстарса, біз өзіміз барамыз ғой қол қоюға, аяқасты болып жатады».

Сақтау мерзімі өтіп кеткен ботқалар, тышқан жеп кеткен қораптар, ашыған сүт. Өзге өңір тұрғындары да себеттің ішіндегі тауарлар жеуге жарамсыз екенін айтып шағымдануда. Тіпті жарамсыздарын малы бар үйлерге  беріп құтыламыз дейді.

«Өңкей бала жемейтін, адам жемейтін қайдағы фасоль, гречка берген. Күріштің ең ұсағын берді. Жемейтін болған соңғы тауық ұстайтындарға беріп жібердік!».

Еңбек министрлігі мұндай проблемалар бар екенін жоққа шығармайды. Дегенмен, жарамсыз тауарларды көрген жағдайда  жұмыспен қамту орталығына апарып,  алмастырып алу керек. Ең болмаса 1411 телефон нөміріне хабарласып, түсіндірген дұрыс дейді.

Нұрсәуле  ЕЛЕУОВА, әлеуметтік көмек саясатының дамыту департаментінің бас сарапшысы

Әрине ондай проблемалар болуы мүмкін. Негізі жергілікті атқарушы орг, жұмыспен қамту орталықтар айналсады. АСП алушы 1411 хабарласуға болады, тікелей жұмыспен қамту орталығына хабараласа алады. Олар проблеманы шешуге міндетті. Өнім білдірушілерден болып отыр».

Қоғам белсендісі Баян Исмаилова азық-түлік себетіне қатысты қордаланып  қалған мәселе жеткілікті. Сондықтан министрлік көмек алушыларға қораппен бергеннен гөрі, өздеріне таңдау мүмкіндігін берсе деген пікірде. Солардың бірі әлеуметтік карта.

Баян ИСМАИЛОВА, қоғам белсендісі:

Именно манкадан құрт шығып тұр, сүттері іріп жатыр. Көңілінен шығып жатқан жоқ, керек тамағын ала алмайды. Керек нәрселері жоқ, картошка, морковь, бәрі одно и тоже».

Одан бөлек үш айдан бері азық-түлік себетіне қол жеткізе алмай жатқандар жетерлік. Осылайша, министрлік  наурыз айының соңына дейін әлеуметтік қорап барлық отбасыға жеткізілетінін мәлімдеді

Нұрсәуле ЕЛЕУОВА, әлеуметтік көмек саясатының дамыту департаментінің бас сарапшысы:

«АСП алушылар кепілдендірлген беріліп жатыр. Таратылып қаңтар-ақпан айлары үшін, өңірлер бар толық таратылады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес КӘП тоқсанынан бір рет таратылады».

Белгілісі, жылдың соңында кепілдендірілген әлеуметтік пакетке бірақатар өзгерістер енгізілуі мүмкін. Атап айтқанда, көмек алушылар арнайы  әлеуметтік портал арқылы азық-түлік түрін өзі таңдап, көңілінен шыққан тауарға қол жеткізе алады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button