Қоғам

Түрік жігіттері неге қазақ қыздарына құмар?

4.3
(71)

Түркияда білім алып жатқан Newsroom+ақпарат агенттігінің сол елдегі меншікті тілшісі Әлия БОСТАН тақырыпқа тұздық болған оқиғаны баяндайды.

Жиырма төртінші қыркүйек. Алматы. Аэропорт. Сағат бес. Шығарып салуға келген досыммен қоштастым да, тіркеу бөліміне келдім. Бірнеше адамнан кейін тіркеуден өттім. Ұшаққа отыруыма жарты сағат қалыпты. Ішімнен қасымда отыратын кісі әйел болса екен деп тіледім. Тілегім қабыл болды. Алма есімді Алматының сарыдан келген, елудің екеуіне келсе де сұлулығын сақтаған әдемі әйел кісі қасыма серік болды. Өзі сондай мейірімді, ақ көңіл екен. Ә дегеннен тіл табысып кеттік. Сұрастыра келе күйеуінің үш жыл алдын қайтыс болғанын,  бір баласы мен келіні, екі немересі бар екенін білдім.

– Стамбулға демалуға бара жатырсыз ба?

– Иә.

– Қанша уақыт боласыз?

– Белгісіз. Ұнаса қалып қалуым да мүмкін…

– Ааа, қаласы ұнаса ма әлде адамдары ұнаса ма?

– Мен ғаламтор арқылы бір түрікпен таныстым. Онымен үш ай болды сөйлесіп жүргеніме. Қазақстанға келемін деді. Бірақ мен «келме» дедім. Себебі балам мен келінімнен ұялдым. Ол келсе мен оны қайда алып барамын? Содан «сен өзің кел» деп, маған билет алып берді. «Көп киім алма, Түркияға келген соң өзім алып беремін» деді. Содан бір ғана қол сөмкеммен келе жатырмын (күлді)

– Қай тілде сөйлесесіздер?

– Түрік тілін білмеймін. Интернеттегі аудармалардың көмегіне жүгінемін. Солай араласамыз.

– Бай адам ба?

– Жоқ, зейнеткер ғой. Менен жиырма жас үлкен (суретін көрсетті). Бәлкім зейнетақысы көп шығар…

Осы сәтте үнсіз қалдым. Іштей ойға шомдым. Қалай қорықпайды? Бөтен елге, мүлдем танымайтын бөтен адамға бара жатыр. Құлдыққа сатып жіберсе ше, өлтіріп қойса ше? Ол кісі үшін мен қорықтым. Арада бес сағат қырық минут өткен соң Стамбулдың аэропортына келіп қондық. Алма апаймен сол жерде қоштастым. Қазір қайда екенін білмеймін. Бәлкім Түркияда, бәлкім Қазақстанда. Алма апай бақытын неге өзге елден іздеді? Әлде түріктің ер адамдары романтик па? Әйел адамның жүрегін қалай жаулау керегін біледі ме?

Түрік жігіттері романтик

Түріктер ашық, қызға қандай мақсатпен, нендей ниетпен қырындап тұрғанын жасырмайды. Түрік жігіті сізге үйленгісі келсе, оны бірден байқайсыз. Сыйлыққа келгенде тым жомарт. Қалағаныңызды алып береді және қалаған жеріңізге алып барады. Түрік жігіттері сезімтал, сондықтан болар романтикаға жақын. Олар қыздың көзінше жылауға ұялмайды. Қалыпты дүние ретінде қарайды.

Түркияда қызбен құр төсек үшін танысатындар да бар

Түріктің жігіттері қанша сезімтал десек те, қыздардың сезімімен ойнап кететіндері де жоқ емес. Сізді әлеуметтік желіден тауып алып, қайта – қайта жазып, мазаңызды алады. «Сүйемін» деп соңыңыздан қалмай, әдемі сыйлықтар алып береді. Бірақ бір мақсатта ғана. Түсінген боларсыздар?! Сол үшін де тырнақшаның ішіндегі романтикаға алданып қалмаңыздар!

Түріктің жігіттері қазақтың қыздарына неге құмар?

Асылында түріктің жігіттері қазақтың қыздарына құмар емес. Түріктің жігіттері орыс пен украин ұлтының қыздарына қатты құмартады. Орыс, украин қыздар төсекке келгенде еркін, қалағаныңды ала аласың дейді де солармен көп танысып жатады. Аэропортта танысқан Алма апайдың сыртқы көрінісі орысқа ұқсайтын. Содан болар түрік «атаның» ол кісіге қызығушылық танытқаны.

Ал қазақтың қыздарына қалай қарайды?

Жалпы түрік халқы қазақ халқын қатты жақсы көреді. Бауырлас, туысқан халық деп біледі. Қазақпын десеңіз сізге басқаша көзқараста болады. Құрметтейді. Сол себепті, қазақтың қыздарын жігіттері қарындастарындай көреді. Айтпақшы, қазақ қыздарының қысыңқы келген көздері түрік жігіттеріне қатты ұнайды екен. Әрі қазақ қыздарының шылым шегіп, шарап ішпейтініне тәнті. Мұнда кейбір мектеп оқушысылары да, қартайған апалар да  шылым шегеді. Олар үшін бұл қалыпты жағдай. Көшеде орамал тағып, оранып алған қызды көрдіңіз. Бірақ қолында шылымы бар. Таң қалмаңыз! Бірақ  мұнда  әйелдерге жөн-жосықсыз еркекпен сөйлесуге болмайды. Қазақстанда бірнеше қызбен қатар жүретін жігіттер болатын. Түркиядағы еркек пен әйел қарым-қатынасы Еуропаға жақын, тең құқылыққа талпынады. Бірақ Түркияда әйелдің жұмыс істеуін құптамайды. Дәстүрге сәйкес, әйел үйде отыруы керек, еркек оны қамтамасыз етуі тиіс. Түріктер бала туарда да көп ойланады. Ол баланың болашағын қамтамасыз ете алу,  қамтамасыз ете алмау жағын уайымдайды.

P.S. Түріктің жігіттері айналып келгенде түрік қыздарына үйленеді. Көп жағдайда. Түрік жігітімен жүремін де сонымен мәңгі бақытты боламын деп жүректеріңізді ауыртып алмаңыздар, арулар!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 71

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button