Қоғам

Қазақ тілін ТикТок желісінде келеке қылды (видео)

4.3
(6)

Қазақ тілін атышулы ТикТок әлеуметтік желісінде келеке қылды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

АҚШ-тық Дикуна Бабухадиа өзінің парақшасында қазақ тілін оталмай қалған көлікке теңеп, жалпыұлттық резонанс тудырды.

Шетелдік блогер 31-арнаның ақпараттық бағдарламасы «Информбюродан» үзінді келтіріп, өзінің реакциясын білдірген. Оның пайымдауынша, қазақ тілі құлаққа түрпідей тиетін түсініксіз тілдердің қатарына жатады.

Бүгінде атышулы ролик ТикТок желісінде 6,4 миллионнан астам қаралым жинап отыр. Қазақстандықтар видеоға жаппай комментарий жазып, наразылықтарын ашық білдірді.

Сұңқар Әбдірасыл

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button