Қоғам

Қазақстан халқы қартайып барады

1
(1)

Қазақстан халқы қартайып барады. Статистикаға сенсек, еліміздің сегіз өңірінде қартаю процесі қарқынды жүруде. Онда жастарды үлесі тым аз дейді сарапшылар. Әлемдегі жағдай да көңіл көншітпейді. Мәселен, БҰҰ зерттеуінше,  алдағы отыз жылда егде жастағы азаматтардың қатары екі есе артып, 2050 жылы олардың саны 1,5 миллиардқа жетеді. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қызылордалық Дәмеш Жанқожаеваның 25 немересі, 54 шөбересі және 10 шөпшегі бар. Жасы 97-ге келсе де, қимылы ширақ, жүрісі тың. Кейуана ұзақ жасаудың сыры – дұрыс тамақтануда деп есептейді. Бірақ қазіргі жастар салауатты өмір салтын ұстанбайды және табиғи өнімдерді тұтынбайды. Салдарынан денсаулықтары ерте сыр беріп, қартаю процесі де тиісінше тез жүреді, дейді.

Дәмеш ЖАНҚОЖАЕВА, Тыл ардагері

Овощтардан гөрі ет жақсы. Ет деген қан береді, күш береді. Сосын суыққа тоңбайсың, қызу береді. Жұмыстан қашпау керек! Шаршадым демей, жастарға шаршауға болмайды!»

Қарттар саны көбейіп бара жатқанын мамандар да растап отыр. Біріккен Ұлттар ұйымының зерттеуіне қарағанда, Қазақстан бекітілген 7 пайыздық шекті еңсеріп, қарт Еуропаның көрсеткішімен теңесіпті.

Гүлмира ЖӘКЕНҚЫЗЫ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы

Бүгінгі күні Қазақстан бойынша халқының 7,4 пайызы 65 жастан асқан адамдар мен егде жастағы адамдар құрайды. БҰҰ зерттеуі бойынша 7 пайыздан асса  ол қартаюға жататын елдерге жатады. Министрлік тарапынан іс-шаралар бекітліді. Аға буын адамдардың жағдайын жақсарту көзделуде».

Нақтырақ айтсақ, еліміздің солтүстік-шығысы мен орталығында қартаю процесі кәрі құрлықпен ұқсас. Ал оңтүстік және батыс, Нұр-Cұлтанда керісінше көрсеткіш төмен. Десе де, сарапшылар елдегі әлеуметтік мәселелер оңалмаса, ертең жұмыс жасайтын жастар да қалмайды дейді.

 Ләзат ЖАНМОЛДАЕВА, экономист:
«25-30 жылдары жұмыс жасайтын адам да қалмайды. Мемлекет егер қартайғандар қатарына қосатын болса, қазаққа кім жұмыс жасап береді? Әлеуметтік жағдайды жақсартуға, баланың дүниеге келуін жақсартуға толығымен жағдай жетеді».

Мамандар ер мен әйел арасында пайыз теңсіздігі қартайғанда байқалатынын айтады. Мәселен, әлемде егде жастағы адамдардың жартысынан көбі әйелдер екен. Ал Қазақстанда әйелдердің үлесі 51,5 пайыз, ерлер 48,5 пайыз құрап отыр, дейді. Дегенмен, туу көрсеткіші де жыл сайын өсуде.

Гүлмира ЖӘКЕНҚЫЗЫ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы

Жалпы біздің елде соңғы уақытта бес жылда туу көрсеткіші жақсы, қалыпты көрінеді. 2019 жылы 400 мың бала дүниеге келсе, былтыр 425 мың бала дүниеге келді».

Сарапшылардың пікірінше, әзірге еліміз демографиялық қартаюдың бастапқы сатысында тұр. Бірақ болашақта Жапонияның күйін кешуіміз де әбден мүмкін. Сондықтан қартаю процесінің алдын алу, оның салдарымен күресетін механизмдерді алдын ала жоспарлау қажет екенін айтады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button