Қоғам

«Егеменнен» үйренеріміз көп – өзбекстандық журналист

0
(0)

Жуырда өзбекстандық халықаралық журналист Бердиёр Жумаев Өзбекстанның бас газеті саналатын «Халқ сўзи» («Халық сөзі») басылымын ел газеті «Egemen Qazaqstan»-мен салыстыра отырып, жүз жылдық тарихы бар қазақ баспасөзінің қара шаңырағынан өзбек тарапының үйренері көп екенін жазды.

 

Өзбекстандық журналист: «Қазақ бауырларымыздың біздің «Халқ сўзи» газетіне ұқсас «Egemen Qazaqstan» газетінің тарихымен бұрыннан таныспын. Аталған басылым негізінен ресми мемлекеттік БАҚ болса да, газеттің кез келген бетін парақтасаңыз, қызықты әрі мағыналы мақалалармен танысасыз. Сонымен қатар сыни, талдау, зерттеу мақалалары орын-орнымен жарияланып, тарих, мәдениет пен руханият, шығармашылық, өнер салаларындағы, сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде лайықты рөл атқарады», деп атап көрсеткен.

Б.Жумаев Қазақстан халқы Өзбекстанға  қарағанда екі есе аз болса да, «Egemen Qazaqstan» газетінің оқырмандар саны «Халқ сўзи»-нен 3 есе көп екеніне таңданысын білдіріпті.

«Енді өзіңіз салыстырып көріңіз: соңғы мәлімет бойынша 34 миллион тұрғыны бар Өзбекстан Республикасының «бас газеті» саналатын «Халқ сўзи» басылымының жазылушылар саны 60 мың адам. Тұрғын саны 2 есе аз Қазақстан Республикасының бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінің қазіргі таңда 185 720 жазылушысы бар», деп жазады журналист.

Екі елдің бас басылымында еңбек ететін шығармашылық ұжым мен газеттің бет санын салыстырған халықаралық журналист «Egemen Qazaqstan» газетінде небәрі 100-ге жуық шығармашылық қызметкер жұмыс істесе де, жұмыс ауқымы «Халқ сўзи»-нен екі-үш есеге көптігіне назар аударған. «Аптасына бес рет толық түрлі-түсті болып жарық көретін басылымның әр күнгі саны кемінде 8, көбіне 10-12 бет және 16 бет болып шығады. «Халқ сўзи» газетіне қарағанда «Egemen Qazaqstan»-ның бет саны екі, үш, тіпті төрт есе көп екенін байқауға болады. Бұл тек баспа табақ санын есепке алмағандағы айырмашылық», дейді автор.

Сілтеме

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close