Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жеткені жалған

 169 

Соңғы апталарда Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жетті деген ақпарат тараған болатын. Алайда, ол жалған ақпарат деп хабарлайды  Factcheck.kz сайты.

Дәл қазіргі уақытта Қазақстан халқының саны 19 млн-ға жетті ме?

ҚР Статистика комитетінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 1 сәуірдегі Қазақстан халқының саны – 18 690 195 адам.  Ал 1 мамырдағы деректер маусымның басында ғана жарияланады екен.

Ақпарат қайдан шықты?

БАҚ бұл ақпаратты countrymeters.info сайтынан алған. Сайттан шынымен Қазақстан халқының саны 19 млн-нан асқанын көреміз. Бұл сайт дереккөз ретінде БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментаментінің халық қоныстануы бөліміне сілтеген. Бұл бөлім 1951 жылдан бері әлемнің 235 мемлекетінің халық санына болжам жасап әрі бағалап отырады. Халық санын бағалау әр жыл сайынғы туу мен өлім-жітім деңгейіне қарай жүргізіледі.

Сондықтан countrymeters.info сілтеген бұл бөлімнің статистикасы тек болжам ғана. Қазақстанда халық санының өсуіне қарап, биыл шынымен де 19 млн-ға жетуіміз мүмкін. Алайда, көбейдік деп қуануға әлі ерте, – деп хабарайды ақпараттың жалған-растығын тексеріп отыратын Factcheck.kz сайты.

Бөлісу: