Қоғам

Ақтауда автотұрақта той өткізгендерге 90 мың теңге айыппұл салынды

0
(0)

Ақтау тұрғыны паркингте той жасағаны үшін 90 мың теңге айыппұл арқалады. Ол карантин кезінде отбасының қуанышын көпқабатты үйдің астындағы көлік тұрағында өткізген.

«Паркингте ешкім той көрмеген шығар. Біз, міне, бастап жатырмыз. Әлеуметтік желіге таралған видеода 25 жылдан бері той басқарып жүрген асаба паркингтегі тойды алғаш көргенін айтып таң қалып тұр. Той иесі карантин шектеуіне байланысты мейрамхана таппаған болса керек, тұрғын үйдің көлік тұрағын тойханаға айналдырған. Сәндеп шар іліп, кілем жайып, төрт қатар үстел қойған. Кейін белгілі болғандай, мұнда беташар өткен екен. Той иесінің айтуынша, отбасы қуанышына бар-жоғы 50-ге жуық тума-туыс пен достары жиналыпты», деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Мобильдік топ өкілдері әлі пайдалануға берілмеген «Сабыр» тұрғын үй кешенінің мердігерлерін де жазалады. Паркингте той өткізуге рұқсат берген құрылыс компаниясы енді 670 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Еркін Елеусізов, Ақтау қаласы, полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары

Учаскелік полиция инспекторлары жан-жақты жұмыс істеп, іс-шараны ұйымдастырған, басқарған адам анықталып, одан қысқаша түсініктеме алынды. Шағын аудандағы «Сабыр» тұрғын үйінде болған. 21 ақпанда түскі уақыт шамасында болған. Қазір мобильді топ жұмыс істеуде.

Ал атышулы видеодағы ер адам сол тойдың асабасы екен, бірақ ол: «Видеоны мен түсірмедім, таратқан да мен емес» деп шыр-пыр. Тек бір адам қасыма келіп, «не дейсіз» дегенде айтқаным ғой, ал ол видеоны достарына таратып жіберіпті дейді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button