Қоғам

Карантиндегі қайырымдылық шаралары

0
(0)

#Birgemiz қорының құрылғанына бүгін 1 ай 3 күн толыпты. «Ардагерлер ұйымы» мен «Мир через духовность» қоғамдық бірлестігі құрылтайшы болып отырған қор қазір бүкіл ел аумағында қызмет етуде.

Онымен қоса – жұртқа, олардың ішінде коронавирус COVID-19 індетінен зардап шеккендері де бар азаматтарға атаулы және әлеуметтік қолдау көрсету; оның шеңберінде ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шараларды өткізу деп жалпы мақсатын атап көрсеткен қор 2 сәуір күні ресми веб-сайтын іске қосты.

birgemiz2020.kz сілтемесімен қор парақшасын ашқанымызда, 22 сәуір күнгі кешкі сағат 18:00 уақытымен бір күндік жұмыстың есебімен танысуға мүмкіндік алдық. Дәл осы күнгі есепке сүйенсек, қор есебіне 23 519 784 414 теңге жинақталған. 38 800 000 теңге көлеміндегі қайырымдылық көмек «Бизнес компания RG» ЖШС-нен келіп түскен.
Қор шығыстары 8 259 750 000 теңгені құраған. Бір күндік толық есеппен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://birgemiz2020.kz/wp-content/uploads/2020/04/22.04.2020.pdf

Сонымен қоса, Nur Otan партиясы арқылы қорға өтініш білдірген азаматтардың арызы қараусыз қалмауда. Мәселен, 23 сәуір күні павлодарлық тұрғын М.Әбдіғалымованың өтініші аяқсыз қалмай, билік партиясының Павлодар облыстық филиалы тарапынан азық-түлік көлемінде көмек көрсетілді. Сондай-ақ, Марғуаш Әбдіғалымованың І топ мүгедегі санатындағы ұлы мен қызына 50 000 теңге көлеміндегі қаржылай көмек көрсетіліп, банк карталарына аударылған. Бұл қазіргі кезде Nur Otan партиясы арқылы қор тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің бір парасы ғана. COVID-19 пандемиясы басталғалы бері қаншама азаматтарымыз бен тұрғындарымызға көмек көрсетілді.

«Ұйымдасқан ұтады» – деп халық даналығы айтқандай, біз бұл дертті жеңіп, байқалмай келген көктемнен өтіп, жадыраған жазға жетерміз әлі.

Иса ЖҰМӘДІЛ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close