Қоғам

Боратқа ренжімес бұрын, педофилді жазалап алыңдар – қоғам белсендісі

4.2
(49)

Қоғам белсендісі Уайс Ерсайынұлы Борат пен еліміздегі қиындықтарды қатар қоя отырып, шындықты айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

«Боратқа ренжімес бұрын, әлі күнге дейін ана тілінде сөйлей алмай, көрші мемлекеттің тілінде былдырлап жүрген қазағымыз үшін ұялайықшы!

Боратқа ренжімей тұрып, әлі күнге дейін аты-жөніміздегі құлдық таңбасынан құтыла алмай жүрген бейшаралығымыз үшін арланайықшы!

Боратқа ренжіместен бұрын өз құқын қорғай алмай,  әркімге жем болып жүрген қандастарымыздың байғұстығы үшін қорланайықшы!

Боратқа ренжігеннен бұрын, көрінген келімсектің қойнында етегі түріліп, масқарасы шыққан қаракөз қыздарымыздың ышқырының бостығы үшін намыстанайықшы!

Боратқа ашуланбастан бұрын, бюджеттің байлығын сүліктей сорып жатқан жемқорлар мен парақорларды тыя алмаған дәрменсіздігіміз үшін құсаланайықшы!

Боратты боқтағанша, он екіде бір гүлі ашылмаған бейкүнә сәбилерді қорлап, тайраңдап жүрген педофил айуандардың жазасын бере алмағанымыз үшін қайғыланайықшы!

Боратқа ренжірден бұрын, біресе орысқа, біресе батысқа, біресе арабқа еліктеп, өзгені зор, өзін қор тұтып жүрген санамыздың кембағалдығы үшін қапаланайықшы!» – дейді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 49

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close