Қоғам

Ақтөбеде екі мұғалім төбелесіп, біреуі көз жұмды

3.5
(11)

Ақтөбе облысы, Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылында екі мұғалім төбелесіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Төбелес болған жерде тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар Ақтөбе облыстық білім басқармасы да осы жағдайға түсініктеме берді.

«Темір аудандық білім бөлімінің хабарламасы негізінде Ж.Кереев атындағы мектептің дене шынықтыру және тарих пәні мұғалімдерінің төбелескені анықталды. Төбелес дене шынықтыру пәні мұғалімінің үйінің ауласында түскі мезгілде болған. Салдарынан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Берік Елтезеров қайтыс болды. Тергеу жүргізілуде», – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменова.

Айта кететін жайт, 22 қазанда Темір аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өз үйінің ауласынан ер адамның мәйітін тапқаны туралы хабарлама келген. Екеуі де жоғары білімді. Күдіктінің жасы 43-те.

«Жедел-тергеу тобы қаза тапқан адамның жеке басын анықтады. Ол пышақ жарақаты түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Аталған факті бойынша күдікті анықталып, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберінде өзге ақпарат жария етілмейді», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.5 / 5. Бағалар саны: 11

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close