Қоғам

«Борат-2»: Фильмге наразы алматылықтар АҚШ консулдығына келді

2.7
(18)

«Борат-2» фильмінің шығуына наразы алматылықтар АҚШ консулдығының алдына келді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғындары ұйымдастырған наразылық акциясы 23 қазанда түсте өтті. Консулдыққа жиналған алматылықтар Саша Барон Коэннің жаңа фильмін нәсілшіл және дөрекі деп санайтындарын мәлімдеді. Сондықтан олар кинокартинаны көрсетуге тыйым салу үшін тұрғындардан қол жинаған.

«Біз, патриот қазақ жастары, «Борат» фильмінің жалғасын жарыққа шығармауға белсенді түрде шақырамыз. Оған бойкот жариялау керек», – дейді алматылықтар.

Белсенділер петицияны бас консулға табыстамақ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.7 / 5. Бағалар саны: 18

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close