Танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы жарияланды

 724 

 

Мақсаты – Бұқаралық ақпарат
құралдарында өзіндік шеберлігімен көзге түскен жазба және электронды баспасөз құралдарында жұмыс істейтін жас тілшілерді қолдау. Шығармашылық ізденістерін шыңдауға жігерлендіру. Қазақстан журналистикасының дамуына серпін беру. Көрнекті журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесін есте қалдыру.

Ұйымдастыру комитеті: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі.
– Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжет;
– Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала;
– Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі);
– Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет.

Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саланың кәсіби және кәсіби емес жас журналистері (18-35 жас аралығы) қатысып, бағын сынай алады.
Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.

«Жігер» сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданады. Сыйлыққа қатысты толық ақпаратты (қатысу ережесін) «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының ресми сайтынан (mdq.kz) ала аласыз.

Сондай-ақ, салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.

Бөлісу: