Қоғам

Дезинфекция дауа ма, әлде адамды улау ма?

0
(0)

Дертке дауа, әлде ауаны улау ма? Желіде  кезекші сыныпқа барған балалардың көбін жөтел қысып, жоғары тыныс алу жолдарын күйік шалғаны туралы ақпар тарап жатыр. Дезинфекцияға пайдаланатын химикаттар осындай кері  әсерін береді-мыс. Алайда бұл қаншалықты рас? Бұған қатысты жауапты органдар не дейді? Жалпы мектептерде дезинфекция жұмыстары қалай  жүргізіледі? Бұл туралы   Newsroom+ақпарат агенттігі   Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Последние три недели наши начали ходить в школу и задыхаться. Я его на выходных вылечу отправлю и опять. Реакция  какая-та. А у него ожег верхних дыхательных путей»

Даудың басы уатсаптағы мына аудиодан басталды.  Чаттарда гу-гу әңгіме. Бір топ ата-ана «балам мектепке барып, ауырып қалды» деп шу шығарып жатыр.

«На третью неделю он уже так начал кашлить, что я даже вообще не знала что надо делать. Заснуть не мог до часу ночи. Аже взрывалось наверх. Вообще это был кошмар настоящий»

«Кошмар» деп шошынып, ата-ананы абай болуға шақырған аудио шындыққа жанасады екен. Тек оның авторлары Ресейде тұрады. Көрші елде кезекші сыныпқа барған балалардың бойынан осындай симптомдар байқалыпты. Дегенмен, біздің елде мұндай жайттар тіркелмеген. Жауапты органдар осылай деп жұбатты.

Ержан БАЙТАНАЕВ, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ресми өкілі:

«Мектептерде бүгінгі күні тазарту жұмыстарын жүргізетін компаниялар бар. ол компаниялар толық сертификатталған өнімдерді пайдалануы тиіс. Мектептерді тазартатын компаниялар мектептің өзімен келісімшартқа қол қойып, әрі қарай сол келісімшартпен жұмыс жасайды»

Дегенмен, дезинфекция төңірігенде туындаған бұл алғашқы дау емес,  Шілдеде көшедегі көгершіндердің жаппай қырылғанын көз көрді. Осы ретте, балалардың қауіпсіздігі қаншалықты деңгейде екенін аңғару үшін, бас қаладағы мектептердің біріне бас сұқтық.   Сыныптарды сағат сайын тазалаймыз дейді.

Раушан НҰРМАҒАНБЕТОВА, еден жуушы: 

«Біз бірінші кіреміз, ығалды тазалау  жасаймыз. Терезе алдын сүртеміз, терезені ашамыз. Пол сүртеміз. Суға хлорка мен сұйық сабын қосамыз».

Ал дезинфекция құралы ретінде пайдаланатын әр өнімді әуелі жіті тексереміз дейді.  Өйткені, химияның аты химия. Әсіресе, ата-ана тарапынан, дезинфекциялық туннельге қатысты сыни пікірлер көп екен. Оған не қосады? Денсаулықққа қауіпті емес пе деген сұрақтар жиі мазалайды көрінеді.

Нұргүл ЕЛЕКЕЕВА, №65 мектеп-гимназиясының Директоры:

«Арнайы дизхлорлар таблеткалар, талаптарға сәйкес сертификатталған болады біріншіден. Екіншіден поставщик бізге өнімді алып келгеннен кейін біз арнайы нормаларға сәйкес болуы үшін СЭС-тың лаборотириясына жіберіп, ол өнімнің сапаға сәйкес екеніне көз жеткізіп, ғана ол өнімді заласыздандыру туннеліне қосамыз».

Сондықтан, уайымдайтындай еш себеп жоқ. Дезинфекциядан бірде-бір бала зардап шекпеді деп сендірді. Осы ретте елдегі эпид ахуалды да айта кетейін.  Қазіргі уақытта 9500 науқас ковидтен ем қабылдауда. солардың 500-ге жуығы бала.   Айтпақшы балалардың үштен екісі инфекцияны мектептен емес, үйлерінде оқып-ақ жұқтырған екен.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close