Қоғам

Ашуын ұстай алмаған дәрігер халықтан кешірім сұрады

0
(0)

Алматы облысында халыққа ақырып, үстелді тоқпақтаған Талғар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігер халықтан кешірім сұрады. Оның айтуынша, тұрғындар жеке басына тиісе бастаған соң эмоциясын  ұсмтай алмай, шектен шығып кетіпті. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы оның әрекетіне байланысты тексеру басталғанын жеткізді. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқиға дүйсенбі күні Талғар аудандық аурухасының сенімгерлік басқаруға берілгенін халыққа түсіндіруге байланысты жиында болыпты. Онда келген тұрғындар бас дәрігер мен аурухананың жаңа басшыларына сұрақтарды қарша боратқан. Аурухана басшысы Нұрлан Құлсейітов кейбір адамдар жеке басына тиісе бастаған соң шектен шығып кеткенін жеткізді. Бұл әрекеті үшін ыңғайсыз жағдайға қалғанын мойныдаған ол, халықтан кешірім сұрады. Екі жылдан бері еңбек демалысына шықпағанын, наурыз айынан бері демалыссыз жұмыс істеудің де әсері барын жеткізді.

 Нұрлан ҚҰЛСЕЙІТОВ, Талғар аудандық ауруханасының Бас дәрігері:

«Ашуландым, ашуланғанда түсінетін олар жоқ. Сосын тұрдым да шығып кеттім. Ашуланғаныма аздап емес, біраз кешірім сұраймын елімнен. Елден артық ештеңе жоқ. Қызметіміз солай болғасын, дәрігер болғасын, артық кеттім шын айтайын».

Бас дәрігердің айтуынша, ауруханада коронавируспен күресу үшін екі айға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар екен. Ал мемлекет тарапынан берілетін тегін дәрілер кей түрлері жетіспеуде. Жұртшылық соған наразылық білдіруде екен.

 Ахметжан БАЙБОЛОВ, Талғар қаласының тұрғыны:

«Есіктегі ауруханадан таныс арқылы алып отырмын. Бұл ауруханада ине жоқ, одан кейін 025 деген инсулин жоқ. Менің өмірім тек қана сонда».

Рахымжан МУСАРОВ, Талғар қаласының тұрғыны:

«Кешегі күннен бері Талғар аудандық ауруханасына келіп жүрміз. Оларда дәрі жетіспейді. Бүгін бас дәрігердің қабылдау күні. Біз Құлсейітов Нұрлан Ғаббасұлының қабылдауына кіре алмай жүрміз».

 Марина ПАВЛОВА, Талғар қаласының тұрғыны:

«Мен дәрі-дәрмек ала алмай жүрмін. Мен келген сайын күнде ертеңмен асырап келеді. Қарапайым тұрғындар бас дәрігердің қабылдауына кіре алмайды. Бүгін қабылдау күні бірақ кірі алмадым».

Ал дәріхана қызметкерлері келген дәрілерді бірден таратып жатқандарын айтуда. Ал жетіспеген дәрілерге бірден тапсырыс беріледі екен. Осы аптада болмағанымен келесі аптада жеткізіледі деп сендірді.

 Жанна ҚҰРМАНБЕКОВА, дәріхана қызметкері:

«Күнделікті алып жатқаннан кейін, бір күнде пәленбай рецепт тұр. Қаншама адам алады. Бізде дәрі әкелу әр апта  болады. Мысалы осы апта бітсе, осы аптаның аяғында келеді. Келесі аптадан бастап, қайтадан тарқатамыз».

Ал ашуға ерік берген бас дәрігердің әрекеті қаншалықты этикаға жататынын тексеру үшін  Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан комиссия құрылыпты.
«Қабылданған шара хабарланатын болады» дейді жауаптылар.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close