Қоғам

Түркияға барсаңыз Тиндерге жоламаңыз

4.2
(5)

Тиндер деген бәле бар екен ғой.

Биыл жасы менімен қатарлас бір жігіт келді. Мақсаты осы жақта түрікше үйреніп, внж жасатып, жұмыс тауып отбасын әкеп алып, осында қалу.

Жаңа жылдың алды. Сағ 12.30-дарда әлгі жігіт звондайды.
– Әсел, кешіріңіз, айтуға да ұят, бірақ мен қазір Алсанжак жақта бір «караколдамын» (полиция учаскесі), мыналарға ештеңе түсіндіре алмай жатырмын. Менің кінәм жоқ.

Басқа бала-шаға болса бір жөн, бір қарағанда сабырлы көрінетін адамнан ондай күтпейсің. Менде паника: кешкі тоғыздан соң Түркия бойынша комендантский час. Не істеймін? Әйтеуір, мұғалімдерім бар, осындағы агроном партнерім бар, әйтеуір таңертең дегенде шығарып алдық. Сөйтсееем, байғұстың шын кінәсі жоқ екен.

Биыл сабақтың бәрі онлайн, қыс бойы кафе-ресторан, түнгі клуб сияқты ойын-сауық жерлері жұмыс істеген жоқ. Сабақтан тыс уақытта араласып, әңгімелесіп, тілін дамытатын да ешкім жоқ. Бар танитыны жатақхана күзетшілері мен жатақхана астындағы супермаркеттің сатушысы. Қалғаны бакалаврға түсуге келген «щиголдар». Олар қызық емес.

Содан бір күні күзетші мен сатушы оған Тиндерге тіркелуге кеңес береді «тіліңді дамытқың келсе, сол жақтан өз деңгейіңдегі адамдарды таба аласың» деген. Түріктер сұрамасаң да ақыл айтып, қатысы жоқ жерге тұмсығын тықпалап жүреді ылғи.

Байғұс қуанып, Тиндерді жүктеп тіркеле бастайды. «Предпочтение: мужчина или женщина» деген жері бар екен. «Женщина» десем түрік әйелдермен не сөйлесем? Еще кинодағыдай бірдеңе дұрыс түсінбей, кейін жүрегін жаралап алармын. Еркектермен ең құрығанда футбол мен саясатты айтармыз» деген ақ-адал ниетпен «Мужчина» дегенді таңдапты.

Содаааннн, неше түрлі жігіттер жаза бастайды. «Қай жақтансың?» «Бұл жаққа келу мақсатың қандай?» деген жай сұрақтардан басталып, «Сендерде біз сияқтыларды қалай қабылдайды?»-ға жетеді. Байғұстың түрікшесі де шамалы, «біз сияқтылар» дегенді «түріктер» деп түсінеді. «Біз сендерді жақсы көреміз, жақсы қабылдайды» дейді. Түріктер де қызуқанды, оны ертеңіне үйіне қонаққа шақырады. Бұл ашықауыз «плэйстэшн бар ма?» деп сұрайды, анау «сен үшін бәрін табамын» дейді.

Ертеңіне барады. Үйге кіргеннен романтика. Майшам жағылған. Біздікі «Измир ең еуропаланған қала, ең современный қала» деген соң, олар қонақты осылай қарсы алады екен, деп ойладым» дейді.

Алдымен тамақ ішкен, ол Қазақстан туралы сұраған, сөйтіп ұсақ-түйекті айтып отырған. Соңынан, плэйстейшнге көшкен. Азартқа кірген, адреналин көтерілген, тіпті бір жерінде анау жігіт оны құшақтап бетінен сүйіп алған. Содан бастап қана біздікі кішкене оның өзін-өзі ұстауынан, сөздерінен күмандана бастаған. Сонда да кетпеген ғой «жеңіліп жаттым, обидно болды, қазақпыз ғой, жеңіп бірақ кеткім келді» дейді.

Сөйтіп, жеңген! Ойын біткен соң «картина жинаймын, мына жақта картиналарым бар» деп жатын бөлмеге апарған. «Картиналары шынымен әдемі екен, бірақ» деп қояды еще .
«Еш арам ойсыз бір спортшы жігіттің картинасына қарап тұрғанда басталды бар бәле» дейді. Иығына қолын қойып, жайлап арқасын сипалап, қолын төмен түсіре бергенде бұл баж ете қалған да, баспен оның басына шақ еткізген. Содан төбелес, шу, «көмектесіңдер, полиция шақырыңдар» деп көршілерге айқайлаған, соңында полициядан бірақ шыққан.  Соңы белгілі. Учаскеден шығып бара жатып айтқан сөзі: «негізі анау түрік емес, осы жақта қалып қойған бір долб… гректің ұрпағы, шшс, еще сап-сары, точно грек шшс, а так түріктер – мужик қой!»

Мораль: көмектескісі келеді екен деп, көрінген түріктің айтқанын істей берме. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Ақылың мен қайратың екі жақтап.

P.S. кейіпкерден рұқсат алынды. Тіпті, кей жерін өзі түзеп берді.

Әсел ҚАЙРОЛЛА

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button