ҚоғамСпорт/Шоу-Биз

Министр «Қазақстан халқын басынып отыр»: Бір топ әнші неге ашулы?

3.8
(28)

«Біз  құдайдың жаратылысына қарсы шыққан көтімен алысқан психикалық ауытқушылығы бар хайуандарға жағдай жасап, тегін үкіметтен ақша бөлгенше, күнде емге ақша сұрайтын инстаграмдағы ауру балаларға сол қаражатты бөлуін сұраймын!», – деп жазды

 Әнші Алтынай Алтынай Жорабаева ауыстыру» жайлы Алексей Цойдың қаулысына қарсылық білдірді. Осы мәселе жөнінде ол, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына үндеу жолдады. Оның ойынша, Денсаулық сақтау министрі «Қазақстан халқын басынып отыр» екен, деп хабарлайды

Newsroom+ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталы сілтеме жасап.

Жеке пікірін желіге арнайы пост етіп жазған әнші, Тоқаевтың және ҚМДБ-ның ресми парақшасында белгілеп қойған.

«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді! Адамнан иман кетсе, ұят кетеді». Денсаулық сақтау «министрі, Алексей Цой ,  ЖЫНЫС АУЫСТЫРУ ОТАСЫНА РҰҚСАТ ҚАУЛЫ ШЫҒАРДЫ! ТЕГІН!

Президент мырза! @tokayev_online Сонда қалай? Осы жағдайдан бейхабарсыз ба? Қандай мемлекетке айналып бара жатырмыз?! ЛГБТ-ның жағдайы үшін барлық жағдай жасауға дайынсыздар ма , сонда? Әлде, сіздің рұқсатыңызсыз білгендерін жасап, ойларына келген қаулы шығара бере ме? Мынау «министр» Қазақстан халқын басынып отыр ғой!», – деп жазған А.Жорабаева еміне ақша таппай отырған балалардың мәселесін қозғады.

«Алланың қаһарына ұшырап кетпесек болғаны! Қаншама мұқтаж отбасы бар, қаншама ауру балалардың еміне дәрі таппай отыр? Ал жыныс ауыстыруға рұқсат беріп! Ол қаншама қаражат!? Мына сұмдықты тоқтатуыңыз керек! Діни басқарма не қарап отыр? @muftyat__kz Қоғам белсенділері барынша репост!», – деп ойын қорытындылады.

Бұдан бөлек, қаржыгер-экономист  #Repost @dauletten with @make_repost «Алексей Цой: Жыныс ауыстыру отасы тегін жасалады» деген тақырыпта жазба жариялады. Дәулет Мұқаев: «Денсаулық сақтау министрлігінің жыныс ауыстыруға рұқсат беру туралы бұйрығы қабылданды.

Уот так! Кейбір ауырған жандарға (балаларға) не квота жоқ, не дұрыс ем жоқ. Күніне жүздеген оқырманым ауруына ем іздеп, денсаулық сақтау министрлігінен қайыр жоқ деп ақша сұрап жатады. Ондай диагноздарға ақша жоқ деген министрлік жыныс ауыстыруға ақша тауып отыр…», – деп жазды.

Осы орайда, әнші-термеші Айгүл Елшібаева да қалыс қалмады. Ол Faceook парақшасында Алтынай Жорабаева мен Дәулет Мұқаевтың пікірін қолдап, олардың жазбасын бөлісті. Өз қоса кетті.

«Біз  құдайдың жаратылысына қарсы шыққан көтімен алысқан психикалық ауытқушылығы бар хайуандарға жағдай жасап, тегін үкіметтен ақша бөлгенше, күнде емге ақша сұрайтын инстаграмдағы ауру балаларға сол қаражатты бөлуін сұраймын!», – деп жазды А. Елшібаева.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілерде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың «Жыныс ауыстыруға рұқсат беру» туралы қаулысы көпшіліктің наразылығын туғызған болатын. Бұл наразылық әлі де басылар емес.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 28

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button