Қоғам

Карантин кезінде эротикалық массажға барған төрт азамат жауапқа тартылды

0
(0)

Алматы қаласында карантин кезінде эротикалық массажға барған төрт адам қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков мәлім етті.

“Мекемелердің бірі қаланың Медеу ауданында орналасқан. Екіншісі Бостандық ауданында. Тексеру кезінде ол жерде жеті әйел “жұмыс істеді”, соның ішінде салон әкімшілері де бар. Әкімшілік іс жүргізу үшін 11 адам аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олардың әрекеті Қазақстан Республикасы ӘҚбК-нің 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу болып танылды”, – деді ол.

Алмасбеков мұндай фактілер әлі де болса тоқтамай тұрғанын жеткізді.

“Мұндай фактілер, өкінішке қарай, бір-екеу ғана емес. Олар тоқтатылады, кінәлілер жазаланады. Бұл бағытта жедел бөлімшелер құрамынан арнайы мобильді топтар жұмыс істейді”, – деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close