Әлемдегі ең ерекше отбасылар

 347 

31 жастағы Кайл Джонс пен 91 жастағы Марджори Маккул. Олар халық алдына шыққанда көпшілік оны әжесі мен немересі ме деп ойлап қалады. Ерекше жұп 2009 жылдан бастап кездесе бастапты. Кайл жастайынан өзінен ересек әйелдерді ұнатқан екен.

Верн Тройер мен Дженис Галлен. 2004 жылы «Гарри Поттер» және «Остин Пауэрс 2» фильмдеріне түскен актер Верн атақты модель Дженис Галленге үйленген. Алайда бұл жұп көп ұзамай-ақ ажырасып кетті. Азамат жарының өзіне ақша үшін үйленгенін біліп қойыпты.

Үндістан тұрғыны Мангли Мунда итке тұрмысқа шыққан. Жергілікті халық сенімі бойынша, қыз итке тұрмысқа шықпаса, алдағы уақытта оны бақытсыздық күтіп тұрады екен. Сондықтан, 18 жастағы бойжеткен осындай некеге амалсыз келіскен.

28 жастағы қытайлық жігіт қуыршаққа үйленді. Себебі ол обыр ауруына шалдыққан екен. Көп ұзамай өлетінін білген жігіт бір адамның тағдырын аяққа таптамайын деп, жансыз қуыршаққа үйленген.

Әлемдегі ең түкті азамат пен оның жары. 32 жастағы қытайлық Юй Чжэнхуан денесінің 96 пайызы қалың түктен тұрады. Алайда бұл оның махаббатымен бас қосуына кедергі болмапты.

Грейс Гедлер алты жыл жалғыз жүрген соң, өз-өзіне тұрмысқа шығып алды. Ұлыбританиялық ару тойына 50 адамды шақырып, қуанышын бөліскен.

Ұлыбританиялық Барбарелла Бюхнер мысықтарына тұрмысқа шықты.

Екеуі де жынысын аустырған әлемдегі алғашқы отбасы. Арин Эндрюс пен Кэти Хилл жынысын ауыстыру бойынша дәрігерге барып жүргенде танысқан.

Әлемдегі ең толық әйел мен оны жұбайы. 38 жастағы Айова штатының тұрғыны Чарити Пирстің салмағы 358 келі. Ал оның 22 жастағы күйеуі қалыпты салмақтағы азамат.

АҚШ-тағы ең жас жұбайлар. Техастың тоғыз жасар тұрғыны Джайла Купер ақ қан ауруына шалдыққан. Ол жеті жасар Хосемен ауруханада танысыпты. Кішкентай қыз тұрмысқа шығуды қатты армандаған екен. Сол кезде Хосе оған ұсыныс жасап, үйлену тойын ұйымдастырған. Алайда Джейла көп ұзамай қайтыс болады.

Сілтеме

Бөлісу: