Қоғам

Ең алғашқы триллионер Джеф Безос болуы мүмкін

0
(0)

Джеффри Престон немесе Джефф Безос 1964 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген. Ол американдық кәсіпкер, Amazon.com интернет-компаниясы мен Blue Origin аэроғарыш компаниясының негізін қалаушы.

Сонымен қатар The Washington Post баспасының иесі. 2018 жылы Forbes бойынша ең бай адам болды. Безос бірінші орынды 135,6 миллиард доллар табыспен иеленген болатын.

Коронвирус індетінің әлемге тарауына байланысты Джеф Безостың бизнесі қарқынды дами бастаған. Осылайша Безостың басқарған онлайн бизнесі жанданып, Amazon-ның акциясы күрт қымбаттаған. Comparisun шағын бизнеске сараптама жүргізетін мамандардың мәліметінше, 2026 жылы Джеф Безостың табысы триллионға жетіп жығылуы әбден мүмкін.

1993 жылы Безос онлайн-кітап дүкенін бастау туралы шешім қабылдайды. Ол D. E. Shaw & Co компаниядағы жұмысын тастап, 1994 жылғы 5 шілдеде бизнес-жоспарын жазған соң, ауласындағы гаражда Амазонды құрды. Бастапқыда Безос өзінің жаңа компаниясын Cadabra деп атады, бірақ кейінірек Оңтүстік Американың Амазон өзеніне арнап Amazon атауына өзгертеді. Ол ата-анасынан алған 300 мың АҚШ долларын Amazon-ға құяды. Амазон бастапқыда онлайн-кітап дүкенін басқа өнімдермен кеңейтуді жоспарлайды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Back to top button