Қоғам

Соңғы екі айда елімізде 62678 тұрғын үй келісімшарты жасалған

0
(0)

2021 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 41101 құраған. Өткен аймен салыстырғанда 90,5% артқан. Бұл туралы ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі жазады.

2021 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 40,4% артыпты.

Аталған статистиканың көшбасында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Одан кейінгі кезек Алматы мен Қарағанды қалаларына тиесілі.

Ескере кететін жайт, аталмыш ақпарат 2021 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректері негізінде дайындалған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button