Қоғам

ТОП 5: Әлемдегі ең табысты мамандықтар

5
(4)

Адамдардың қажеттіліктері күн санап өзгеріске ұшырауда. Жаңа технологиялар пайда болып, ғылым қарқынды даму үстінде. Мұның бәрі әлемдік еңбек нарығына тікелей әсер етеді.

Назарларыңызға Newsroom+Ақпарат агенттігі ең табысты кәсіптердің әлемдік рейтингін ұсынады.

Дәрігерлер әрқашан сұранысқа ие. Пандемия басталғалы дәрігерлердің мәртебесімен бірге мамандықтың маңыздылығы да артты. Ал табыс жағынан «хирург» ең перспективалы мамандық. Оқу үшін көп уақыт қажет: білікті маман болу кемінде 10 жыл уақытыңды алады. Есесіне жалақысы 18 мың доллардан көп.

Менеджмент –  тәуелсіз мамандық ретінде ерекшеленеді. Біз компания президенттері және бас директорлар туралы айтып отырмыз. Үлкен жауапкершілікті талап ететін бұл мамандықтың өз машақаты бар. Өз командаңыздағы, құзырыңыздағы адамдардың жұмысына тікелей шешім шығарасыз. Әрине, мұндай жоғары жауапкершілікті талап ететін жұмысқа тұрақты табыс өтеледі. Аға менеджердің ең жоғары жылдық жалақысы – 135000 доллар.

 

Ұшқыш – романтиктер ұзақ уақыттан бері жоғары бағалап келе жатқан мамандық. Ұшып-қону оңай жұмыс емес. Ұзақ уақыт дайындықты, батылдықты керек ететін таптырмас мамандық. Әлемде ұшқыштың жылдық жалақысы – 134 мың долларды құрайды.

 

Стоматолог – рейтингтегі екінші медициналық мамандық. Статистикаға сүйенсек, стоматологиялық қызметке сұраныс алдыңғы жылға қарағанда 4 есеге көбейген. Дүние жүзінде стоматологиялық клиникалардың саны өсіп жатқанымен, стоматологтер әлі де маңызды рөл атқарады. Ең жоғары жылдық жалақысы – 132 мың доллар.

 

IT маманы. ХХІ ғасыр – дамыған технологиялардың дәуірі, сондықтан осы саладағы мамандарға деген сұраныс өте жоғары. Дамыған елдердегі ең жоғары жылдық табыс – $ 105,000.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close