Қоғам

Желі қолданушылары Біртановтың шашы ағарып кеткенін байқаған

0
(0)

Әлеуметтік желіде Елжан Біртановтың министр болған үш жылдың ішінде шашы айтарлықтай ағарып кеткені туралы ақпарат талқылануда, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі.
Ғалымұрат Жүкел есімді азамат фейсбуктегі парақшасына министрдің 2017 және 2020 жылы түскен фотосуретін жүктеп, жазба жариялаған. Суреттен Біртановтың бірнеше жылдың ішінде шашына түгел ақ түсіп, біраз жасқа қартайғанын анық көруге болады.
Өз кезегінде фейсбук қоданушылары «жұмысы оңай емес, жаным ашиды», «коронавирустың кесірі», «күн түн демей жұмыс істеп жүр, қайтсін енді» сынды пікірлер айтып, Денсаулық сақтау министрлігіне мықты денсаулық пен төзім тілеуде.
Еске салайық, Елжан Біртанов дәрігер, токсиколог, медицина ғылымдарының кандидаты. 2017 жылдан бері ҚР Денсаулық Сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметін атқаруда. Оған дейін, 2015 жылдан ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып қызмет атқарған еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close