Қоғам

90 жастағы геймер әжей Гиннесстің рекордтар кітабына енді

0
(0)

Жапония тұрғыны Хамако Мори түрлі ойындар ойнап, Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Хамако Мори 1930 жылдың 18 ақпанында дүниеге келген. 90 жастағы әжей PlayStation 4-тегі жаңа ойындарды ынтамен ойнайды. Ойын ойнауда 38 жылдан аса тәжірибесі бар геймер әжей Жапонияда тұрады. Ойын барысын YouTube арқылы таратады әрі өз көрермендерінің ұсыныстарын тыңдап, санасады. Әжейдің арнасында 184 мың жазылушысы бар. Хамако Мориді Гиннесс рекордтар кітабының авторлары ойын барысын YouTube арқылы тарататын ең қарт адам деп таныды. Әжейдің ойынға деген құштарлығын көрсететін арнайы видео түсірілген.

Сілтеме

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close