Қоғам

Атақты әнші тұтқындағы 120 сарбазды азат еткен

0
(0)

Биыл француз әншісінің туғанына 105 жыл толады. Эдит Пиаф атақты әнші болып бірден танылған жоқ. Ол жастайынан қиыншылық көріп өскен. Бала кезінде көше кезіп, акробаттармен өнер көрсетіп жүргенде әншілік қыры байқала бастаған. 17 жасар бойжеткен күйеуге шығып, ана атанып үлгереді. Алайда көп өмір сүрмей, нәрестесі қайтып болады. Оның басынан кешке қиындықтары жеке өміріндегі келеңсіз жайттар көп болған. Жалпы біз атақты әншінің жеке өмірін сөз етуден гөрі, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі туралы жариялауды жөн көрдік. Ол өзі туралы «торғай сияқты туғанмын. Торғай сияқты өмір сүрдім, торғай сияқты өлдім» деп әндеткендей, қоғамға қосқан кішкентай үлесі туралы айтпақпыз. Пиаф сөзінің аудармасы «торғай». Пиаф әншінің шығармашылық лақап аты.
Франция халқы Эдитті ұлт мақтанышы деп санайды. Оның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі өз алдына бір бөлек дүние. Ол ұлтшыл немістердің алдында ән айтты. Өнеріне тәнті болған немістер қыруар ақша төледі. Алайда әншінің өз саясаты бар еді. Ол тұтқынға түскен әскерлермен суретке түседі. Оның бұл қылығын француздар немістермен сыбайлас деп ойлады. Алайда соғыс аяқталған соң, немістерге сатылған француздар сотталып жатқанда, әншіге ешқандай сұрақ болмады.
Бірінші рет әншіні неміс билігі шақырған болатын. Екінші рет өзінінің жеке сұранысымен барған. Алғашқы барған кезінде неміс фашисттерімен суретке түседі. Кейіннен әскери тұтқындармен естелікке түсуге өзі өтініш білдіреді. Әншіні өнерін құрметтегендіктен оған немістер қарсылық білдірмейді. Осылайша Эдит барлық тұтқындағылармен суретке түседі. Еліне қайтқан соң, Париждегі жасырын шеберханаға әкеліп, әр суретті үлкейтіп басып шығарады. Суреттерді жеке карточкаға жабыстырып, куәлік дайындайды. Келесі жолы Германияға барғанда шабадан астына жасырған жасанды жеке куәліктерді ала барады. Өнер көрсетіп болған соң, тұтқындағыларға қолтаңба беріп жатқан сыңай танытып, бәріне жалған құжатты таратады. Кейбіреуі әншінің жанындағы музыканттар секілді қайтады. Ал қалғандары ыңғайы түскен сәтте тұтқыннан қашады. Осылайша әнші 120 солдаттарды тұтқыннан азат етеді.
Қаншама жыл өтсе де, оның өнерін құрметтейтін тыңдармандары баршылық. Эдит Пиаф 47 жасында өмірден озады. Католик шіркеуі әншінің өмірі күнәға толы деп, ақтық сапарға аттандырудан бас тартады. Алайда өнерін бағалайтындар марқұмның зиратына жиналады. Әншімен қоштасуға 40 мыңнан астам адам жиналған көрінеді. Гүлдердің көп болғаны соншалықты, адамдар гүлдердің үстін басып жүруге мәжбүр болған екен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close