Қоғам

Тазабектен «Talim Trend»: сізден уағыз тыңдап, Сирияға кеткендер көп – заңгер

3.7
(35)

Ұлттық арна көрермендеріне жаңа «Talim Trend» атты телебағдарлама жол тартпақ. Бағдарлама тізгіні «Асыл арнаның» бас директоры Мұхамеджан Тазабекте. «Діни уағыз, шариғи насихат айтқалы жатқанымыз жоқ» деп ақталған М. Тазабекке қоғам белсенділері арасынан нарызылық туды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Мұхамеджан Тазабектің ақталып жазған постына пікір білдірді.

«Мұхамеджан Тазабек, елдің алдында жүргеніңізге бірінші жыл емес! Қоғам талқысы болатынын білдіңіз! Сізден ешкім арнаны қызғанып отырған жоқ, бізде сіздікіндей іштарлық жоқ!

«Ойбай, уахаби екен….., күдіктілер ұсталып, кінәлілер сотталып кетті» -деп жазыпсыз!

Кім сотталды нақты? Ауылдағы қарапайым шаруалардың балалары ма?

Жай ғана уағыз бөліскен, сіздерге табынып жүріп, Сириядан бір-ақ шыққандар ма? Неге ашық жазбайсыз?

«Мұхамеджан адасқан, басқа ағымда» деген әңгімеге неге нүкте қоймайсыз?

«Мен Сәләфи ағымында емеспін» деп жазу қиын ба? Әлде артыңызда еріп келе жатқан мүридтеріңізден айырылып қаламын деп қорқасыз ба?», –  – деп жазған Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында.

Сирияға адасып кеткен қаншама жастарды көргенде бермеген тәлімді неге қазір бермекші деп те жазған.

«Қаншама отбасы Сирияға көшіп, жастар адасып жатқанда, неге «Тәлім тренд» бағдарламасын Асыл арнаңыздан ашпадыңыз?

Осы уақытқа дейін сізге көп сұрақ қойылды, бірақ сіздің тараптан нақты жауап болған жоқ!
Қазірдің өзінде өзін мұсылман санап, бізді кәпірсің деп, қарғап сілеп отырған сіздің қолдаушыларыңыз!

Егер сіз қоғам алдында шынында тәлім бергіңіз келсе, өзіңізді қолдап, “Біз мұсылманбыз», деп бізге қарғысын құсып, аузынан боғы ағып жатқан қолдаушыларыңыздың алдында ақталып емес, тоқтау сөзін жазар едіңіз! Ең бірінші оларға пікір алмасу мәдениетін үйретіңіз!

«Біз діни емес, зайырлы елміз! Қазақ ұлтымыз!

Қоғамды мұсылман мен қазақты бөлінуге алып келген сіздер сияқты ағалар, бірінші өзін тәрбиелеп алуы керек!

Мәдени митинг, жемқорлық жайлы тәрбие беру сіз үшін өте кеш!

Ұлттың болашағын ойлаған адам жастар Сирияға отбасымен көшіп жатқанда шығу керек еді», – деп атап өткен жазба авторы.

Сонымен қатар ол бұл жағдайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті өз назарына алуы тиіс екенін атап өткен. Сонымен қатар, арнайы сараптама жасалуы тиіс екеніне тоқталған.

«Бұл халықтың ресми шағымы!

Сәлафизм идеологиясын ұстанған адам елге қауіпті адам болып есептеледі.
Танымдық бағдарламаны діни көзқарасы бойынша сараптамадан өтпеген адамға бермеу керек!

Елдің тағдырын алаңдай келе М.Тазабектің Ұлттық арнада жұмыс істеуін, әзірге қауіпті деп санаймын.

Діни көзқарасына нақтылық енгізу үшін Мұхамеджан Тазабектің діни көзқарасына ҚМДБ өкілдері Сансызбай Құрбанұлы және Қайрат Жолдыбайұлы сараптамадан өткізсін!

Егер ҚМДБ өкілдері М. Тазабекке дәстүрлі ханафи мәзһабымен амал етіп, мәтуриди сенімінде деп сенім білдірсе, біз халық құптаймыз!

Сараптамадан өткеннен соң, қорытындысын ел алдына ашық жариялауды сұраймын!», – деп жазды Айгүл Орынбек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 35

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close