Қоғам

Соққыға жығылған екі баланың анасы ішімдікке мас болғаны анықталған

0
(0)

Күні кеше әлеуметтік желілерде Шымкентте екі баланың анасын өлімші етіп ұрып, артынша зорлап кеткені туралы хабар тараған болатын.


Қаскөйлер оны есінен танып қалғанша ұрып соққан. Тістерін жұлып, жағы мен қабырғаларын үш жерден сындырып, целлофан пакетімен тұншықтырған. Сөйтіп әйелді өлдіге санап, оны бұтақтармен жауып, кетіп қалған. Шымкент қалалық полиция департаменті бұл іс басшының жеке бақылауында екенін хабарлаған болатын.
Бүгінде бұл мәселе бойынша заңгер Айгүл Орынбек осы іс бойынша жаңа деректермен, өз әлеуметтік парақшасында бөліскен.
«Әйелдерге күш көрсетіп, ұрып-соғуға, зорлық-зомбылыққа қарсымын. Көптеген резонанстық істердің ішінде жүрмін. Бірақ қоғамды өз пайдамызға ластауға болмайды. Әлеуметтік желіде талқыланып жатқан бұл мәселе бойынша, Шымкент полициясы департаментімен істі бірлесіп талқыладық. Не анықталды? Адам өз өміріне өзі жауапты болуы керек. Танымайтын адамдармен есін жрғалтқанша ішіп, одан кімнен таяқ жегенін білмей отыру, қылмысты ашуға қиындық тудыратынын айта кеткім келеді.
Алкогольдік тәуелділік жақсылыққа алып келмейді. Кейбір әйелдер осындайлардың кесірінен қоғамда шынымен, зорлық көріп жүрген әйелдер қорғалмай қалады. Өз-өздерін, өмірлерін сыйламайтын адамдарды қорғағым келмейді»,-деп жазады Айгүл Орынбек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close