Қоғам

Өзін көрсетіп қалғысы келеді: Хайп ұстаған депутаттардың орындалмайтын ұсыныстары

0
(0)

Әр отбасыға 20 сотық жер берілсін! Әр балаға 4 миллионнан төленсін! Бүгінде депуттаттар әлеуметтік мәселелерді жиі-жиі көтеріп, түрлі ұсыныстарын Премьер-министрге жолдап жүр. Бастамалар жұр арасында да жиі талқыға түсуде. Алайда айтылған сөз, ұсыныстар орындалып жатыр ма? Әлде халық қалаулылары көптің көзіне түсудің тәсілін меңгерген бе? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Несие амнистиясы, 21 мың теңге, зейнет жасын төмендету, 4 миллион 2 мың теңге! Соңғы уақытта мәжілісмендер түрлі ұсыныстар айтып, өзекті мәселелерді жиі көтеретін болды. Әрі айтқандары әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Алайда, халық қалаулыларының орындалуы екіталай мұндай бастамаларын жұрттың бірі хайп десе, өзгесі күлкі шақыратынны айтады.

Әлеуметтік мәселелерді отырыс құрғатпай көтеріп жүргендердің бірі – Айқын Қоңыров. Мәжілісмен былтыр несие амнистиясын жариялап, жерді де тегін таратып беруді ұсынған болатын.

Айқын ҚОҢЫРОВ , ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

«Өз құқықтары шектелген қаржы институттарының қысымымен қалу қаупі бар жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды кредиттік рақымшылық жүргізу қажет»

Ал Александр Милютин зейнет жасын 60-қа төмендету керек деген еді. Бірақ, Еңбек министрі бұл  мәселе әзірге күн тәртібінде жоқ деп кесіп айтқан болатын.

Александр МИЛЮТИН, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

«Азаматтардың жынысына қарамастан зейнетке шығу жасын 60-қа дейін төмендету керек. Кезең-кезеңмен ұлғайту мәселесін көтерудің мәні жоқ. Ең төмен базалық зейнетақы жыл сайынғы орташа жалақыға тең болуы қажет».

Қоғам белсендісі Айша Құрманғали  мәжілісмендердің кейбір ұсыныстары популизм, бірақ үнсіз отырғаннан гөрі  өзекті мәсепелер жиі көтергені әлдеқайда дұрыс деп есептейді. Өйткені…

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, Қоғам белсендісі

Үнсіз отырғаннан гөрі айтылғаны дұрыс. жеткізгені. Үкіметтің есіне салып отырғаны дұрыс. Кейбір мәселелердің шешілмейтіні біле тұрса да, өзін көрсетіп қалғысы келеді».

Ал өткен аптада депутат Ерлан Смайылов халықтың қолайына әбден жағатын, бірақ іске асуы екіталай ұсынысты айтып қалды. Оның есебінше, мемлекет жаңадан туған сәбиге кемі 4 млн 200 мың ақша төлеуі керек. Өйткені  еліміздегі әрбір алтыншы бала кедей отбасында тәрбиеленеді екен.

Ерлан СМАЙЫЛОВ, ҚР Парламент  мәжіліс депутаты:
«Елімізде аналық капиталды енгізу қажеттілігі туындап тұр. Ол бойынша мемлекет Қазақстан азаматтарына дүниеге келген әр бала үшін 4,2 миллион теңге беруі тиіс. Бұл қаражат отбасының баспана мәселесін реттеуіне немесе баланы оқытуға, ананың зейнетақы жинағына жұмсалуы керек».

Осындай өзекті мәселелерді көтеріп жүрген  депуттарға хабарластық. Алайда олардың көбісі жауап бермеді. Тілдескендерінен
көтерген ұсыныстарға қатысты мардымды жауап ести алмадық.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button