Қоғам

Сақалды ер азаматтың анасын ұрған видеосы халықты шошытты

3.3
(6)

Заңгер Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасына үйінде мәйкі-дамбалшаң жүрген қауға сақалды ер адамның анасына қол шығарып, балағаттап, артынан оны үйдің қабырғасына тіреп тұрып ұрған видеосын жариялады, деп жазды Newsroom+ақпарат агенттігі.

“Түн ұйқысын таяқ жеу үшін бөлген ана. Түркістан қаласында болған мына оқиғаны көріп, жүрегім ауырып отыр. Рухани астанамызда теріс дінге кіріп, анасына, әйеліне қол көтеріп, балаларын ұрып-соғып, қорқытып намаз оқытатын отбасы ойран болғандар қаншама? Менің өзіме нақты соңғы екі жылда шағымданып келгендер саны оншақты. Әйелін тоқпақтап ұрып, одан анасына қол көтеру – бұл енді шектен шығу! Ислам бұндай зұлымдыққа тәрбиелемейді!” – дейді заңгер.

“Профилактика жұмыстарын жүргізген теологтарға өзінің енді тура жолға түсетінін айтыпты. Қалай ойлайсыздар, түсе ме? Тазабектің уағыздарын ұйып тыңдап, тәлім алған шәкірттердің бейнесін көріңіздер! Адасқан жолыңды табу оңай, жараланған ана жүрегін не істейміз?” – деп мәселені төтесінен қойды Айгүл Орынбек.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.3 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button