Қоғам

Қазақстандағы ең үлкен отбасы Култышевтар шаңырағында 16-шы сәби дүниеге келді

0
(0)

Қазақстандағы ең үлкен отбасы петропавлдық Култышевтар шаңырағында он алтыншы сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Stan.kz апарат агенттігіне сілтеме жасап.

Култышев

Дүниеге келген нәрестенің бойы 52 сантиметр, салмағы 3 келі 800 грамм болып туған. Енді Павел мен Татьяна Култышевтердің 9 ұлы мен 7 қызы бар.

Кеше еліміздегі ең көп балалы отбасы кенже ұлдарын перзентханадан шығарып алды.

Татьяна мен Павел Култышевтардың шаңырақ құрғанына биыл 18 жыл болады. Отбасының үлкені – 18 жаста.

Бұған дейін көпбалалы отбасының 16-шы сәбиін күтіп отырғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close