ӘлемдеҚоғам

Коронавирус бойынша Орта Азиядағы ең қауіпті ел анықталды

0
(0)

Сарапшылар COVID-19 бойынша ең қауіпсіз елдердің тізімін жасады. Орта Азиядағы ең қауіпті мемлекет ретінде Түркіменстан танылды деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ. сілтеме жасап.

 

Рейтингті Deep knowledge group компаниясының мамандары құрастырды. Барлық ортаазиялық мемлекет арасында Қазақстан ең қауіпсіз ел (рейтингтегі 71- орын) ретінде танылды.

Одан кейін тізімді Қырғызстан (108- орын), Өзбекстан (121- орын), Тәжікстан (124- орын) және Түркіменстан (131- орын) жалғастырған деп жазады CentralAsian.org.

Рейтингтегі алғашқы орындарға сарапшылар Швейцарияны, Германия мен Израильді, Сингапур мен Жапонияны жайғастырды. Соңғы орындарға Либерия, Ауғанстан, Чад, Мали, Руанда және Оңтүстік Судан табан тіреді. Жалпы тізімде әлемнің 200 елі бар. Рейтинг жасау барысында елдегі карантин тиімділігі, науқастарды бақылау, оларды анықтау және емдеу, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесінің даярлығы есепке алынған.

Айта кетейік, Түркіменстан – коронавирус қаупін мемлекеттік деңгейде мойындамаған бірнеше елдің бірі. Мемлекетте коронавирус инфекциясының бірде-бір дерегі тіркелген жоқ, ал ел басшылығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқаулығын сақтаудан бас тартып отыр. Түркіменстанда маска мен респираторсыз жүруге, сондай-ақ, жақын арақашықтықта тұруға рұқсат етілген.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close