Қоғам

Отандық дәрігер коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болатынын айтты

1
(2)

Отандық дәрігерлер коронавирус инфекциясын тұмаудан қалай ажыратуға болатынын айтып берді деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Астана телеарнасы сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының бас пульмонологы Зағрипа Әбдиева тұмау кезінде демікпе болмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, дене қызуы көтерілгенімен, мұрын бітелмейді. Ал, коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің буын-буыны сырқырап, дәм сезбейді. Медицина қызметкері «бұндай симпотомдар байқалған жағдайды дәрігер көмегіне жүгіну керек», – дейді.

«Ең бастысы дене қызуына назар аудару керек. Егер температура үш күн қатарынан 38 градустан түспесе, онда бұл вирустың бастапқы белгілері деген сөз. Яғни, тез арада дәрігерге қаралу керек», – деп түсіндірді Зағрипа Әбдиева.

Соңғы дерек бойынша, елімізде 55 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Өткен тәулікте қауіпті дертті жұқтырған 1726 науқас тіркелген. Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан емделу кезінде денсаулыққа кері әсер ететін алты әдісті атады. Қауіпті дертпен күресудің бұндай тәсілдеріне сода ингаляциясы, сарымсақ суының таңғажайып әсері және антибиотиктердішамадан тыс қолдану мен басқа да денсаулыққа қауіпті халық емі жатады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close