Қоғам

Қайрат Құдайберген денсаулық сақтау министріне үндеу жолдады

Ауруханаларда не сұмдық болып жатыр?

5
(2)

Отандық танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген үйінде босануға мәжбүр болған арудың оқиғасына қатысты өткір пікірін білдірді. Аяғы ауыр келіншекті коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестке ақшасы болмағандықтан, перзентханаға жатқызбай қойған. Белгілі бизнесмен бұл жағдайға жаға ұстап, денсаулық сақтау министріне үндеу жолдады.

 

Қайрат Құдайберген ауруханаға жата алмай, өз үйінде босануына тура келген жас ананың оқиғасы жайла жазба жариялап, онда өзінің бұл жағдайға қатысты ойын ашық жеткізген. Кәсіпкер перзентханаларға тегін тестілеу орнату керектігін алға тартып, денсаулық сақтау министрінен орын алған оқиғаға қатысты шара қолдануын сұрады. «Аяғы ауыр қызға көмектеспеді. Бүгін ақылы тестке ақшасы болмай, үйінде босанып қалған аруға қатысты жаңалықты оқыдым.

Бұл жағдай жайында тек бір сұрақ туындап тұр: Ауруханаларда не сұмдық болып жатыр? Презентханаларға тегін тестілеу неге орнатпасқа? Ол өліп кеткен жағдайда кім жауап берер еді? Әдеттегідей, сұрақ көп, жауап жоқ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан бұл мәселені шешіп, жақын арада барлық перзентханаларды тегін экспресс тестілермен қамтамасыз етуін сұраймын. Әйтпесе, біздің болашағымыз жоқ» , – деп жазды ол Instagram желісінде

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close