Қоғам

«Жеңіске тағзым» атты халықаралық онлайн-кездесу өтті

0
(0)

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы еліміздегі барлық кітапханалар сияқты бір айдан астам уақыт бойы өз жұмысын онлайн режимде жалғастыруда. Осыған орай Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Жеңіске тағзым» атты халықаралық онлайн-кездесу өткізді деп хабарлайды Ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталының тілшісі.
Онлайн-марафонды өткізу мақсаты – Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ардагерлерді еске алу, Ұлы Отан соғысы тарихын ұлттық сана-сезім мен мемлекеттілік контексте пайымдау, өскелең ұрпақты рухани, адамгершілік және патриоттық тәрбиелеудің негізгі факторлары ретінде қоғамдық татулыққа, есте сақтауға ерекше мән беру, сондай ақ, Жас ұрпақтың Отан тарихына деген қызығушылығын және тарихи ақиқатқа деген жауапты көзқарасын қалыптастыру мен еске алу мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу модераторы болған профессор, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық академиялық кітапхансының басшысы Үмітхан Мұналбаева жиын барысында сөз сөйлеп, былай деді:
– Қасиетті мерейтойлық күнді атап өту біз үшін маңызды. Ұлы Отан Соғысының батырлары батылдық пен ерліктің, патриотизмнің үлгісін көрсетті. Біздің халқымыздың майдандағы орасан зор күш-жігерінің, тылдағы ерліктерінің арқасында Ұлы Жеңіс күніне жетті. Қазақстан халқының да осы бір өмірдің қатал емтиханына төтеп бергенін мақтан тұта аламыз. Бұл соғысқа бір жарым миллион қазақстандықтар қатысты. Адамдардың жүрегінде Отан қорғаушыларға деген құрмет әрқашан өмір сүрсін.

Наталья Шкуднова,
Ресей мемлекеттік кітапханасының бренд-менеджері:
– Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Кітапхана түні. Біздің жеңісіміздің естелігі» атты жобаны қолға алдық. Бұл жобаға қазақстандықтар да қатысты. Әрбір қатысушы Ұлы Отан соғысы тақырыбы шығармалар оқып, видеороликтерін әлеуметтік желілерде жариялады. 4000-нан астам кітапханалардан әр түрлі жұмыстар келіп түсті. Жалпы онлайн марафонға 40000- астам адам қатысты. Сондай ақ, өлең оқып жолдаған балалар да болды.

Бақытжамал Оспанова,
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры:

– Жеңіске жету жолында Ұлттық кітапхана да, бұрынғы Қазақ ССР-ның мемлекеттік көпшілік кітапханасы ретінде өз үлесін қосты. Кітапхана қызметкерлерінің басым бөлігі майданға кетті. Солардың қатарында, ағайынды Ахметовтер, Иван Вандаренко, Владимир Махавиков және кітапхана директоры Мұқтар Жанғалиндер бар. Барлығы 20 адам болған, оның ішінде 10 қыз бала. Алматы қаласы эвакуацияның орталығы болды. Сол кезде кітапхана майданға барынша көмек берді. Өнеркәсіптік өндіріс жұмысшыларына қызмет көрсетті. Әскерге, майданға шақырту бекеттерінде, госпитальдарда түрлі іс-шаралар өткізді, майданға көркем әдебиет кітаптарын жіберіп тұрды. Соғыс жылдарында біздің кітапхананың оқу залында Толстой, Успенский, Машак, Абрикосов, Черкасовтар жұмыс істеген. Бұл кісілер Кеңес Одағының ерекше талантты, шығармашыл тұлғалары болатын. Алматыда «Иван Грозный» фильмы түсірілгені жөнінде Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар және қолжазбалар бөлімінде Эйзенштейннің фильм түсірілімінен соң түскен 8 сурет салған дәптері сақтаулы тұр. Бұл ерекше дәптерлер. Тысы өте қалың, әртістердің киімі, бас киімі, аяқ киімі қалай болуы керектігі жазылған. Бұл дәптерлерді сол кезде режиссерден кітапхана директоры 1300 рубльге сатып алған екен. Әрине, бұл дәптерлер бізде сақтаулы. Кітапханашылар сол кезде «Ұлы отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін» медельдарымен марапатталған.

Бибігүл Шагиева,
А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхананың директоры:
– Шығыс Қазақстан облысының 109 тұрғыны «Кеңес одағының батыры» деген атақ алған. Кейінгі өлкетанушылар бұрын көтерілмеген тақырыптар аясында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әрбір Ұлы отан соғысына қатысқан батыр туралы библиографиялық зерттеу жинақталуда. Бұл базада зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа тың ақпараттармен толықтырылуда. Соғысқа жіберілген 10 оқ-дәрінің 9-ы Өскемен қаласындағы заводтардан шығарылған. Батырларымыздың аналары, жұбайлары, тіпті, балалары да бір кісідей жұмылып егін алқабтарында, жұмысшы күш қажет етілген өндіріс орындарында қызмет еткен.

Дариға Дауренбекова,
ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының қызметкері:
-Біздің міндетіміз-ағартушылық және ақпараттық орталық ретінде жұмыс жасау. Осы мақсатта ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Біз-Жеңістің мұрагерлеріміз» онлайн – марафонын іске қосты. Бұл Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы ұрпақтардың қоғамдық патриоттық акциясы болды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен біздің электронды поштамызға 200-ден астам жұмыс келіп түсті. Бүгінгі күні фейсбук әлеуметтік желісінде 600-ден астам жарияланым жасалып, р 7000-ға жуық пайдаланушыны қарады, 250 адам пікір қалдырды. Бұл әр отбасында өз қанымен, еңбегімен, өз өмірімен жеңіске жеткендер туралы естелік екенін тағы да растайды.

Елена Загруднева,
ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының қызметкері:
– Бұл біздің елімізде әрбір отбасы мен әрбір азамат үшін маңызды мереке. Миллиондаған сарбаздар мен бейбіт азаматтардың өмірін қиған қорқынышты соғысқа қатысы жоқ адамды табу қиын.75 жыл бойы біз соғыстың білмей, Отанын жау шабуылынан қорғауға тұрған аға ұрпақтың батылдығы мен батылдығы арқасындаь қуанышты өмір сүрудеміз.

Кездесу бағдарламасында ҚР ҰАК қорларындағы соғыс туралы кітаптар мен соғыс жылдарындағы кітапханалардың тарихы туралы қызықты деректері қамтылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Конференция қазақ және орыс тілдерінде өтті. Іс шара соңында онлайн қатысушы қонақтар «Тырналар» әнін бірлесіп шырқады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close