Қоғам

«Жұмабектің бажасынан» кейін «Ержанның інісі» деген пайда болыпты

5
(2)

Осыдан біраз уақыт бұрын “Жұмабектің бажасы” хит болған еді. Отырар ауданында автокөлікпен қарама-қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзған жүргізуші өзін “Жұмабектің бажасы” деп таныстырып, жауапкершіліктен бұлтармақшы болды. Бұл жайт видео арқылы тарап, ел ішінде қызу пікір тудырған еді.

Бүгін “Ержанның інісі” пайда болды. Өзін Ернұр деп таныстырған жас жігіт автобуста әлдекіммен сөзге келіп қалады. Сөзден-сөз туып, Ернұр өзін майор болып жұмыс істейтін Ержанның інісі екенін айтады. Ағасы “жоғарыда” жұмыс істейтінін айтып қарсыласының мысын баспақ болады. Бұл видео әлеуметтік желіде кең таралып, қызу талқылануда.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button