Қоғам

«Қазақстан темір жолы» екіұдай пікір туғызатын жарнамасы үшін сынға ілікті

0
(0)

«Қазақстан темір жолы” ұйымының мерекелік жарнамасы елордалықтардың ашуын келтірді. Елді шулатқан бейнеролик жайлы мекеме өкілдері пікір білдірді.

Халықаралық әйелдер күніне орай ұйым ғимаратының сыртына орналастырылған жарнама көптің сынына қалды. Өз кезегінде мекеме өкілдері бұл әрекеттері үшін кешірім сұрады.

“Ролик әлеуметтік желіде тұрғындардың қызу талқысына түсті. Кейбір азаматтарға жарнама жақпаған сыңайлы. Біз жарнамаға байланысты туындаған жағымсыз көңіл-күй үшін кешірім өтінеміз. Жарнаманы жариялар кезде біздің ойымызда әйелдер қауымын ренжіту болған жоқ”, – деді “ҚТЖ” өкілдері.

Бұған қоса, ұйымдағылар ерлермен бірге табандылықпен ауыр жұмыста еңбек етіп жүрген арулардың еңбегін жоғары бағалайтындарын жеткізді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button