Қоғам

Мобильдік қосымшалар балаңызды бұзады – Шавкат Сабиров

0
(0)

Коронавирус індетінен қорғанғандай, киберкеңістікке де өзіне тән маска мен санитайзері, яғни қорғаныс құралдары болуы керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында «Өзіңді және жақындарыңызды буллинг және кибербуллингтен қалай қорғауға болады» тақырыбында өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

«Балаға планшетті берген кездегі мақсатыңыз уақытыңызды өзіңізге, достарыңызбен сөйлесуге арнау болса – кейін үлкен проблемаға тап боласыз. Балаңыздың қолына планшет ұстатқан сәттен бастап қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіруіңіз керек. Одан кейін өзіңіз қыр-сырын білетін, қадағалай алатын нәрселерді ғана көруге ғана рұқсат етуіңіз керек», – дейді Орталық Азиядағы, ТМД және Балтық елдеріндегі Касперский зертханасының басқарушы директоры Евгений Питолин.

«Қазақстан интернет қауымдастығы» ЗТБ президенті Шавкат Сабиров қауіпсіз, зиянсыз болып көрінетін мобильдік қосымшалар шын мәнінде баланы өзіне елітіп, тәуелді етіп тастауы мүмкін екенін айтты.

«Әлеуметтік желіде ата-аналар баласы далаға шығып кеткенін, үйде компьютері қосылып қалғанын, баласының не көріп отырғанын білу үшін компьютерді ақтарып көруге бола ма екен деп кеңес сұрап отырады. Көбі баланың құқығын бұзуға болмайтынын, жеке кеңістігіне өтпеу туралы кеңес берсе, кейбірі ол жеке кеңістікке өту емес, балаға жанашырлық екенін жазады. Әлеуметтік желілер арқылы балаға қандай қауіп төнуі мүмкін екені туралы көп айтылып, көп жазылуы керек. Бұл тұрғыда мемлекеттің қолдауы аса қажет. Коронавирус індетінен қорғанғандай, киберкеңістікке де өзіне тән маска мен санитайзері, яғни қорғаныс құралдары болуы керек», – дейді ол.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close