Қоғам

Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі түрколог Лилия Тугушеваның дүниеден озуына байланысты көңіл айтты

0
(0)

Халықаралық Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі белгілі түрколог, ұйғыр жазуының маманы Лилия Тугушеваның дүниеден озуына байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Көрнекті түрколог, көне ұйғыр текстологиясы бойынша білікті маман, ежелгі түркі сөздігін жасаған ғалымдардың бірі, Ресей ғылым академиясының шығыс қолжазбалар Институның аға ғылыми қызметкері Лилия Тугушева 89 жасында дүние салды.

Орны толмас қазаға орай өзімнің және Халықаралық Түркі академиясының ұжымы атынан марқұмның туыстары мен жақындарының, әріптестерінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын», − деді Академия басшысы.

Айта кету керек, Лилия Тугушева қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тумасы. Ресейде алпыс жылдан астам уақыт жемісті еңбек етіп, көне ұйғыр тіліне қатысты 7 монография мен 70-нен астам ғылыми еңбек жариялады. Оның ежелгі ұйғыр әдеби ескерткіштерін зерттеу бойынша ғылыми жарияланымдары әлемдік түркологияда елеулі құбылыс болғаны айтылады.

Ақпарат:http://twesco.org/

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close