Қоғам

Жүрген сол боти киіп алып: елорда іргесіндегі халық тізеден су кешіп жүр

0
(0)

Бас қала іргесіндегі Қаражар ауылы еріген қар суының астында қалды. Жыл сайын қайталанатын проблема биыл да шешімін таппаған. Тұрғындардың жүріс-тұрысы қиындап, балаларын мектепке тіпті арқалап апарып жүрміз дейді. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елорданың іргесінде деген атақ Қаражарды биыл да қалың қардан құтқармады. Жыл сайын күн жылынып, қар еріген бетте ауылды телегей-теңіз су басады. Биыл да өзгерген ештеңесі жоқ.

Қаражардағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, қардың суы үйдің маңын түгелдей басып қалған. Тұрғындар тіпті дәретханаға да бара алмай отырмыз дейді. Мен де міне, бір аттасам судың көлемі резеңке етіктен асып, беліме жетейін деп тұр».

Азамат БЕКОВ, Қаражар ауылының тұрғыны:

Жыл сайынғы осы проблема . Үйге кіріп-шығуымыз қиындап кетті. Бағандар құлап жатыр. Жергілікті әкімдік бюджеттен ақша қарастырылған жоқ дейді. Қандай халде екенімізді міне, өздеріңіз де көріп тұрсыздар ғой?!».

Әсіресе, ауылдағы төрт шағын ауданның ең шеткісі жылдағыдан қатты зардап шегіп отыр. Халық та осы жақта қалың шоғырланған. Мына көшелерден адам жүрмек түгелі, көліктің қозғалуы қиын.

Судан бөлек, айнала түгел ми батпақ. Электр бағандары да орта белден судың астында. Салдарынан сымдар бір тиіп, бір тимей, жарықтың өшуі де жиілеген. Көшелер болса, шұрық-тесік. Қысқасы, құдды бір иесіз ауыл дерсің?! Айтпақшы, әкім мырза ауырып жатыр. Орынбасары бүй дейді.

Қуаныш МҰРАТҰЛЫ, Қараөткел ауылдық округі әкімінің орынбасары:

«Биыл ерекше су басып жатыр. Өйткені қыстың басында қар аз болды да аяз қатты болды, сол себептен жер қатып қалды. Қарды шығарған жоқпыз шынын айтқанда.
-Неге?
-Қаражат жетпеген соң. Қаражат бөлінді бірақ, жеткізбедік. Қар көп түсті.
-Сонда не істеуі керек? Тұрғындар солай қардың астында қала беруі керек пе?
-Жоқ. Техника жібердім. Данный момент істеп жатыр. 2-3 күнде бітіреміз.

Еркін СЕЙІТКЕРІМ, Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің төтенше жағдайлар жөннідегі бас инспекторы:

Бізде бюджетте ақша қарастырылған. Содержание дорог бойынша 27 млн 350 мыңдай. Ол бойынша каждый ауылдарға біз бөлдік. Олар жұмыс жүргізіп жатыр».

 

Төтеншелік маман бөлінген ақшаның тиынына дейін жатқа біліп тұр-ау, бірақ Қараөткелге қарасты ауылдардың аянышты күйінен бейхабар болып шықты.

Еркін СЕЙІТКЕРІМ, Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы:

там где школа по Ақан сері вы видели в коком состоянии?
-Қазіргі уақытта? Қазіргі уақытта көргенім жоқ. Қандай?

Қош. Қандай күйде екенін біз көрсеттік. Күлкіміз келмеді. Алда-жалда жолдарыңыз түсіп жатса, әкім-мырзалар, боти киюді ұмытпаңыз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button