Қоғам

Әйелі туралы жемқорлық агенттігіне айтып берген еркекке сыйақы беріле ме?

5
(2)

Әйелінің заңсыз әрекетке барғанын айтып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданған Талғар тұрғынына сыйақы беріле ме? Бұл туралы Антикоррупциялық қызмет басшысының орынбасары Олжас Бектенов айтып берді.

«Бұл мәселе әлеуметтік желілерде, БАҚ-та кеңінен талқылануда. Талғар тұрғыны Алматы қалалық Антикоррупциялық қызмет өкілдеріне шағым түсірді. Қазіргі таңда ол мәселе тексерілуде. Іс құжаттары Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды. Егер заң бұзушылық анықталған жағдайда бұл істі сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестріне тіркейтін боламыз» деді О.Бектенов.

Бектеновтың пікірінше, заңбұзушылық туралы ақпарат жеткізгені үшін Талғар тұрғынына сыйақы беру мәселесі жайлы айту әлі ерте, өйткені іс әлі зерттелу үстінде. Егер заңбұзушылық болғаны расталып, әйелінің үстінен шағым түсірген азамат сыйақы беруге өтінім түсірсе, бұл мәселе  қарастырылатын болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button