Қоғам

Эксперимент: Туды аяқасты еткен кімдер

0
(0)

Көк туымыз жерде аяққа тапталып, көшеде жатса не істейсіз? Мұндай жайтқа тап болған кез-келген қазақстандық байрақты көкке көтеріп, қастерлейді деп сенесіз ғой? Біз де солай ойлағанбыз! Бірақ, патриоттықтан алыс жандар көп болып шықты. Еуразия бірінші арнасының тілшісі әлеуметтік эксперимент өткізіп қана қоймай, Елордадағы рәміздерімізді дайындайтын цехтың жұмысымен танысып қайтты! Көріңіз!

Алтын күн аспаны, алтын дән даласы, думанды бастады, далама қарашы, жерде гүл шықты ғой».

ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАНЫҢ АВТОРЫ, СӘУЛЕТШІ: «Басқа жұмыстар көп болып жатқан. Халықаралық конкурстар. Бірақ, соның барлығын жинастырып қойып, менің елім тәуелсіздік алып жатқан кезде қалай соған өз үлесімді қоспаспын деген мақсатпен кірісіп кеткен-тұғынмын. Көп ізденіске тура келді».

Ізденді. Дербес Қазақ елінің мазмұнды әрі мағыналы Елтаңбасын күні-түні көз алдына елестетумен болды. Ұлтының әрбір құндылығын ой елегінен өткізіп, қиялында қалықтатып, қаламмен жан бітіріп, қағазға түсірді.

ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАНЫҢ АВТОРЫ, СӘУЛЕТШІ: «Срогы бітіп бара жатқан кезде, наурыздың 27-сі күні Алматыға азанда келдік. Қабылдайтын бөлмеге апарып, коробканы тастап кеттім. Қойып кеттік. Сонымен кетіп қалдым. 173-ші нөмірлі квитанция номерін берді. Оны қарай ма, қарамай ма?! 01:52 Апрельдің 18-і күні маған телефон соқты».

300-ге тарта жұмыстың арасынан Жандарбек Мәлібековтың шығармашылығы басқаларынан оқ бойы озып, көңілге қонымды болды. Елтаңбаның қақ ортасындағы шаңырақ, көпұлтты Отанымыздың бірлігі іспетті қаз-қатар тізілген уықтар, Сақ дәуірінің символдары, оған қоса қошқар мүйіз бен бес жұлдыз да терең таоихымыздан сыр шертіп, сөйлеп тұрғандай әсер берген.

ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАНЫҢ АВТОРЫ, СӘУЛЕТШІ: «Ескі герб бар деді. Диаметрі 2 метрдей, соны дайындап алып келесің деді. 04:49 Біз мұны екі метрге үлкейткен кезде де соншалықты қалыңдығы үлкен боп кеткен-дағы, қаптағанда тағы үлкейіп кетті. Ол не самолетке сыймайды, не пойызға сыймайды. Не керек деді. Мен айттым, гербтың астына салатын 3 матрас бересіз, гербтың үстіне салатын 3 матрас бересіз. Контейнер сияқты бересіз дедім. Сонда шопыр әкеле жатып айтқаны, ГАИ тоқтатса дейді, Мен ҚР Мемлекеттік гербын әкеле жатрмын. Сен мені тоқтатпа деп айтам деді».

«Бұл не аға? Бұл көрмеге қойылатын еліміздің Елтаңбасының үлгісі. Бұл сонда біздің еліміздің Елтаңбасы ғой, иә. Білмеймін әлі…».
ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАНЫҢ АВТОРЫ, СӘУЛЕТШІ: «Шаңыраққа ілініп тұрған мына босағаны көрсететін болса, екі босағаны көрсететін болса, сонда мына арасында тұрған басқұр бар. Сол басқұрды былай алып қарасыңдар, мына таразының басы сондай боп келеді. Сонда бұл дүниенің тепе-теңдігін көрсетеді. Шаңырақтың мынау несі дүниенің тұтастығын білдіреді.
«Аға айтыңызшы, қазақтың осыншама құндылығын бір ғана Елтаңбаға сыйғызу қаншалықты оңай не қиын болды?  Егер соны зерттей білсең, әрбір элементтерін, детальдарын қазақтың дәстүрімен, тарихымен байланыстырып шығарасың да, әйтпесе ол сызық болып қала береді. Осындай Елтаңба жасайтын цехтарға қаншалықты жиі келіп тұрасыз? Осы цехқа әкеліп көрсетсең жастарды, оларға әсерлері басқаша болады. Мен бірінші рет келіп тұрмын. Өте керемет әсері».

Елтаңба шығаратын цехтың жұмысы тап осы жерде басталады. Мына менің қолымдағыдай пластик шикізат 240 градуста ерітіліп, келесі кезеңде қысымға ұшырайды. Осыдан соң біздің жаңа ғана дайын болған Елтаңбамыздың нобайы мынадай вакумға салынып, жарты сағат бойы алтын жалатылады. Одан соң қорғаныш қабаты себіліп, нәтижесінде жарқыраған, көздің жауын алатын біздің Елтаңбамыз пайда болады».

Енді тек аспан түстес бояу жетіспей тұр. Ол да аса көп уақытты қажет етпейді. Осылайша күніне 70-80 дана Елтаңба сатуға шығарылады.

Көк туым  теңдігім, Елтаңбам  елдігім, Әнұраным  айбыным!. Мемлекеттік рәміздер  дербестігіміздің, елдігіміздің нышаны. Бүгін біз сіздерге әлеуметтік эксперимент ұсынбақпыз. Ол үшін көк туымызды аяқасты етуге тура келіп тұр».
«Өздеріңіз куә болғандай, жерде жатқан көк туымызды қолына алып көтергендерден гөрі қасынан өте шыққандар көп болды. Ал біз экспериментімізді қаланың келесі бір түкпірінде жалғастырамыз».

«Біз қазір Ботаникалық саябақтамыз. Бірақ, он минут өтсе де қолына алып, көтерген адам кездескен жоқ. Тағы шамалы күте тұрайық, үмітімізді үзбейік енді)
«Бұл әлеуметтік эксперимент болатын. Туды көтергеніңізге рахмет!. Не үшін көтердіңіз?.  Бұл біздің көк туымыз. Жерде жатуы мүмкін емес».

Жаугершілік заманда батыр бабаларымыз соңғы демі қалғанша байрағын тұғырынан құлатпай кеткен еді. Ал екі сағаттық эксперименттен көңіліміз құлазып қайтты. Бар-жоғы бес адамның көк байрағымызға көзі түсіп, тапталып жатқан жерінен көтерді. Бұл не? Бейқамдық па, жоқ әлде санада патриоттық сезімнің жоқтығы ма? Кімді кінәлаймыз, кімнен көреміз? Рухани жаңғырудың орнына, тозып бара жатқан жоқпыз ба, осы?…

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close