Қоғам

«Әулетімнен кешірім сұра» – күйеуінен зорлық көріп отырған келіншек жанайқайын жеткізді

0
(0)

Өзін Мөлдір деп таныстырған келіншек, оңтүстік өңірде туып өскен. Осыдан екі жыл бұрын, 20 жасында сүйгеніне тұрмысқа шығады. Жаңа өмірге басқан қадамымен қоса, сырттай тапсырған оқуы, армандаған мамандығы жайында қалыпты. Өгей шешенің қолында тұратын жолдасы жарының ақылы оқуын жалғастыруға қауқарсыздық танытады.

«Алғашқы жүктілігім өте ауыр өтті. Баламды босанғанша қиналып жүрдім. Енді екінші балама аяғым  ауырлап, тағы сол әлсіздігім басталды. Оған дейін төркініме жібермей жүрген өгей енем мен қайын атам ауруым асқынғанда үйге баруыма рұқсат берді. «Емделіп, адам болып кел», – деді. Бар қызық ата-анама келген соң басталды», – дейді ол.

Айтуынша, емделе бастағанына екі апта өткенде өгей енесі, ауылға келіп егістікке көмектесуін талап еткен. Әлі  келе алмайтынын айтқан келініне өгей ұлын айдап салыпты.

«Әлеуметті жағдайымыз нашар болғанымен, күйеуім осы уақытқа дейін қол көтеріп көрмеген. Енді, «Өз аяғыңмен келіп, әулетімнен кешірім сұрамасаң, ажырасам. Келсең аямаймын, өлтірем», – деп отыр. Өз күндерін әрең көріп отырған ата-анам оны есітіп мына жақта уайымдап отыр. Бір балам қолымда, енді бірі жатырымда, мен қайда барарымды, не істерімді білмей далмын», – деген шарасыз келіншек оқыранның кеңесіне зәру..

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close