Желіде «Шегіртке» вирустық ролик хитке айналды

 442 


Әлеуметтік желіде Ахметбек Нұрсиланың «Шегіртке» деп айтқан сөзіне байланысты вирустық ролик тарады деп хабарлайды KAZUS.KZ.
Қазақстанға белгілі кәсіпкер, мотиватор Ахметбек Нұрсила «КТК» телеарнасында «Астарлы ақиқат» бағдарламасының бірінде Ернар Айдарды шегірткеге теңеп, эстрада жұлдыздарының көпшілігін жұлдыз атына сай емес деген пікір білдірген болатын.
Аталған бағдарламада эстрада жұлдыздарының лоторея ойындарын ұйымдастыру, олардың қаншалықты әділ өтіп жатқандығы туралы кәсіпкер мен әншілер арасында екі жақты пікірі талас болғаны белгілі.
Бүгінгі таңда әлеуметтік желіде ең көп талқыланып жатқан тақырыптардың бірі. Онда бірі кәсіпкерді жақтап жатса, енді бірі әншілердің сөзін сөйлеуде.
Осы бағдарлама кейіпкерінің бірі кәсіпкер, мотиватор Ахметбек Нұрсиланың сөзінің қиындыларынан бийнеролик әзірлеп, әлеуметтік желіде хитке айналған «Шегіртке» вирустық ролигі тарауда.

Бөлісу: