Қоғам

Шыңғысхан қазіргі уақытта өмір сүрсе қалай көрінер еді

0
(0)

Дизайнер Бекка Саладин Шыңғысханның түрі осы заманда өмір сүрсе қалай көретінін бейнелеп салды. Оның атақты тұлғаларды суреттеген жобасы Royalty Now деп аталады. Бұл туралы Newsroom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сільеме жасап хабарлайды.


Шыңғыс хан

Бекка Саладин әйгілі тарихи тұлғалардың сақталған портреттері мен мүсіндерін қолданып, оларды қазіргі уақытта өмір сүрсе, сол адамдардың келбеттері қалай көрінетінін бейнелеу үшін өңдейді.

Дизайнер Instagram-дағы парақшасында әлем тарихындағы түрлі тұлғалардың бүгінгі бейнесін жасаған. Соның ішінде Шыңғыс хан да бар.

«Міне, біз тарихтағы ең керемет билеушілердің бірі және Моңғол империясының негізін қалаушы Шыңғысханмен біргеміз. Шыңғыс та миллиондаған адамның өліміне себеп болды…Бұл Шыңғысханның сыртқы көрінісін білген немересі Хубилай-хан жетекшілік жасаған жалғыз портреті. Мұнда оның заманауи портреттері жоқ. Клеопатраның бейнесі сияқты, оның келбеті туралы түрлі сипаттамалар бар. Кейбіреулер оның қызыл шашы мен жасыл көздері бар екенін, басқалары оның Шығыс Азияның бүгінгі халқына өте ұқсас бет белгілері болғанын айтты. Мойындауым керек – бұл мені сынап, шеберлігімді арттырды. Бұл мен жасаған ең көне және ең сәнді портрет», – деп жазды Бекка Саладин.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close