Қоғам

Ғалымдар коронавирусты анықтаудың тағы бір тәсілін тапты

0
(0)

Aдам ағзасындағы бұл ақуыздың жоғары деңгейі аурудың ауырлық деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ, ақуыздан иммун жүйесінің іске қосылғанын түсінеміз. Ғалымдар вирус жұқтырмаған пациенттердің suPAR көрсеткіші бір миллилитрге 5 нанограмнан немесе одан да аз келетінін анықтады, ал коронавирус бар науқастарда 6 нанограмм және одан жоғары. Бұл ретте адамда бір миллилитрге 6 немесе одан көп нанограмм деңгейі болса, оны жасанды тыныс алдыру аппаратына қосқан.

«Бұл әлемдегі COVID-19 науқастарынан suPAR ақуызыгың жоғары деңгейі анықталған алғашқы зерттеу», – деді дәрігер, зерттеуші Йохен Рейзер.

«Қандағы suPAR-дің жоғары деңгейі ауыр жағдайлармен байланысты екенін көрсететін көптеген оқулық бар. Бұл науқастардың тыныс алуы мен өкпенің қызмет етуідегі қиындықтардың пайда болуына байланысты», – деп түсіндірді дәрігер.

Оның айтуынша, suPAR мен тыныс алу проблемалары арасындағы байланыс дәрігерлерге қай пациентті ерте кезеңде жасанды тыныс алдыру аппаратына қосу керегін түсінуге көмектеседі.

Бұған дейін Нью-Йоркте жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған коронавирус жұқтырған пациенттердің 88 пайызы қайтыс болатыны хабарланған. Сондай-ақ, АҚШ-та COVID-19-дан екі айда тұмаумен салыстырғанда көбірек адам көз жұмғаны жазыған болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close