Қоғам

30 жылда қазақша 30 сөз жаттай алмаған шенділерден не үміт, не қайыр?

4.6
(10)

Ұлты орыс, тілі мен ділі қазақ тележүргізуші Марина Сахарова инстаграм-парақшасында @marinaa_sakharova қазақша екі сөздің басын құрай алмайтын шенділерді сөзбен түйреп өтті.

«Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды. Алайда, осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшілердің мемлекет тілінде сөйлемеуі қынжылтады. 30 жылда 30 сөзді мүдірмей айтуды үйренбеген, мемлекеттің тіліне немқұрайлы қараған басшылар ел алдына шығып, қазақша сөйлеуге неге ынталы емес? «Алдыңғы арба қалай жүрсе, артқы арба солай жүреді». Елдің арасынан суырылып шыққан, жұрттың мұң-мұқтажын ескеретін билік басындағы ел ағалары қазақша есеп берсе, бұл әрине барлығымыщзға үлгі болар еді. Өз болашағын Қазақстанмен байланыстыратын кез келген адам ұлтына қарамастан, қазақ тілін білуі, насихаттауы тиіс. Бұл дарқан пейілді қазақ халқына деген адалдығымыз болмақ», – дейді Марина Сахарова.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.6 / 5. Бағалар саны: 10

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button