Қоғам

«Айлы арал» немесе «Құтырған ханшайым»

4.4
(18)

Оңтүстік Африканың батысында Үнді мұхитында Мадагаскар деген арал бар..
Бұл аралға «Мадагаскар» атауын қазақ жерін кесіп өтіп Қарақорымға Құбылай ханға баратын баяғы Марко Поло берген..

Аралды француздар «Дофина» атаса, арабтар «Айлы арал» деп атаған..

Арал-мемлекет Мадагаскардың аумағы — 587 000 шаршы километр, халық саны 17 миллионнан сәл асады..
Ресми тілі француз..
Астанасы – Антананариву..
Жер бетіндегі флора мен фаунаның 5%-ы жинақталған Мадагаскар аралдар арасында көлемі жағынан дүние жүзінде 4-орын алады. Оның 80%-ы тек қана осы аралда кездеседі.
Бұл күнде негізінен әлемге өсімдік-жануарлар жанға жайлы жағажайларымен танымал Мадагаскар мемлекетінің тарихында елең еткізерлік жағдайлар да болған..

XVII-ғасырдың 1-жартысында король Имерин Андрианзак құрған
1788 ж. қарапайым отбасыда Рамаво атты қыз бала дүниеге келеді.
Бірде сол Рамавоның әкесі король Андрианампуанимеринге біреулердің қастандық ұйымдастырып жатқанын сезіп қалып, корольге жеткізеді.
Өмірін сақтап қалған шаруаға разы болған король Рамавоның өз отбасына қабылдап, өз қызындай тәрбиелеп, бәлиғат жасына жеткен соң ұлы Радамға қосады.
Некеқияр тойдан соң Ранавалуна I деп аталған Рамаво кейін Радама I деген атпен таққа отырған билеушінің бәйбішесіне айналады (Радама I корольдің заңды 12 әйел болған).

Бірақ қанша емделсе де Ранавалуна ханшайым кеш құрсақ көтерді. Сөйтіп жүргенде ері Радама I 1828 жылы қайтыс болады. Бұл кезде Ранавалуна ханшай ымның ұлы жас еді.
Малагасий дәстүрі бойынша тақ мұрагері Радаманың әкесінің ұлы Ракотоб еді. Бірақ Ранавалуна I ханшайым астыртын айла-шарғымен бұл дәстүрдің сақталуына жол бермеді.
19-ғасырдың басында Мадагаскарға Еуропа өркениеті өз әсерін қатты тигізіп, христиан дінін қабылдай бастап еді. Король сарайындағылардың бір бөлігі Еуропаға іш бұрса, қалыптасқан дәстүрді сақтап қалуды жақтайтындар Ранавалуна I ханшайымның маңына топтасқан еді.
Ері қайтыс болған соң ханшайым шалт қимылдап дәстүршілерді бастады да король сарайын басып алды да тақ мұрагерінен бастап, өз ерінің өзге әйелдерінен туған балаларының бәрін өлтіріп тастады.
Осылайша, 1829 ж. 12 маусымда Ранавалуна I өзін Мадагаскар билеушісі деп жариялап, халық алдына шығып, Мадагаскар халқы мен мемлекетінің мүддесіне қызмет етемін деп ант берді.
Көп ұзамай аман қалған христиандар аралдан қаша бастады. Себебі, Ранавалуна I ханшайым оларды қазанға қайнатып өлтіруге пәрмен берген еді.
Сөйтіп таққа отыра сала «Құтырған ханшайым» деген лақап атқа ие болды.
Өте, сақ және айлакер ханшайым айналасындағыларды у беріп тексерді.
У қосылған 3 кесек тауық еті мен уланған жаңғақ жеген адам әлдебір себеппен тірі қалса «Ханшайымның ең сенімді адамы» санатына қосылды.
40 жыл ел басқарған ханшайымның осындай «тексеруінен» Мадагаскар 100 мыңдай адамынан айырылды.
Ханшайымның қаталдығында шек болмады. Мәселен, ол 1845 ж. 50 мың нөкер ертіп буйвол аулауға шығады. 4 ай ай аңшылық кезінде шөл мен аштықтан 10 мың нөкері қаза тапты.
Ханшайымның шектен тыс қаталдығы оның туған ұлы Екінші Радмаға да ұнамады. Шешесін тақтан тайдыруға жасаған бірнеше әрекеті сәтсіз аяқталды. 1857 жылы ұлының Франция үкіметімен жасырын келісімге келгенін сезіп қалған ханшайым ұлының жақтастарының бәрін өлтіріп тастады. Өз ұлын өлімге қиюға дәті бармаған ханшайым енді тіпті айналасындағылардың әрбір әрекетінен қорқатын болды.
Тіпті ханшайым ұйықтап жатқанда түсіне «рұқсатсыз» кірген адамдарды өлім жазасына кесетін жарлық шығарды.
Халық мәніжат еткенде ханшайымның түсіне кіргізбеуді өз құдайынан сұрайтын жағдайға жетті.
Бір қызығы, еуропалықтарды жән-тәнімен жек көрген ханшайым Париж сәнқойларындай киінді. Сарайда француз тігіншісін ұстады.
Ранавалуна I ханшайым 80 жасқа келіп қайтыс болды. Өліп жатып та, өзімен бірге біраз адамды ала кетті. Жерлеу рәсімі кезінде оқ-дәрі салынған бөшке жарылып бірнеше адам қаза тапты.
Осындай өмір жолы арқылы Ранавалуна I ханшайым адамзат тарихындағы ең қатал 10 әйел билеушінің қатарына кірді.

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.4 / 5. Бағалар саны: 18

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close