Қоғам

Тоқаев: Қазақстан Ресей мен Беларусь одағына қосылмайды

0
(0)

 

Қазақстанның Ресейге қосылатын жоспары жоқ. Біз Одақтас елдермен, яғни Ресей мен Беларусьпен бірікпейміз. Көрші елдің «Комсомольская правда» басылымына сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президенттің айтуынша, бізді Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін барынша пайдалану мәселесі қызықтырады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

 

«Қазақстан Ресей және Беларуспен өзара және интеграциялық ұйымдар (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) аясында тығыз байланыста. Біздің Ресей мен Беларусь құрған Одақтас елдер қатарына қосылатын жоспарымыз жоқ. Басымдық аталған ұйымдар интеграциясын одан әрі дамытуға беріледі. Біз ЕАЭО-ны жаһандық масштабтағы тиімді құрылымға айналдыра аламыз. Бұл бағыттағы жұмыстар қазір жүріп жатыр. 2025 жылға қарай ұйымға мүше елдердің ортақ энергетикалық және қаржылық нарығы қалыптасады».
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейлік «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатынан алынды.

Тоқаев сұхбатында Қазақстан аумағына АҚШ-тың әскери базасы салынады деген қауесетті де жоққа шығарды. «Мұндай жоспар болмаған, қазір де күн тәртібінде тұрған жоқ. Біздің Құрама штаттармен қарым-қатынасымыз тек энергетика, инвестиция және технология салаларымен шектеледі. Егер қаруға қатысты байланысымыз болса, оның өзі ядролық қаруды жою мен таратпау жөнінде ғана қозғалған әңгімелер» деді Президент. Сондай-ақ, «Қытай экспансиясы» тарапынан қауіп бар ма деген сұраққа, Мемлекет басшысы  «Қытай – Қазақстанның маңызды экономикалық серіктесі, біз халықаралық және аймақтық ұйымдарда тығыз жұмыс істейміз» деп жауап берді.

«Әрине, «Бір белдеу  бір жолдың» құрлықтық құрамын Қытай мен Еуропаны, Таяу Шығысты байланыстырып отырған Қазақстан және аймақтағы басқа да елдерсіз елестету мүмкін емес. Қытайдан тартылған инвестиция мен екіжақты сауда көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. 2018 жылы аймақтың бес еліне жинақталған Қытайдың тікелей инвестициясы 15 миллиард долларға жуықтады. Былтыр Орталық Азияның Қытаймен жалпы тауар айналымы 33 миллиард доллардан асты. Екі тарап та сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Сондықтан «Қытай экспансиясы» туралы пікір істің нақты жағдайына сәйкес келеді деп ойламаймын».

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейлік «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатынан алынды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close