Есмағамбетова: «Қалыпты өмірге оралуымыз керек, қазақстандықтарға алғысымды білдіремін»

 352 


Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус ахуалы тұрақтанғанын мәлімдеді деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігі Stan.kz-кесілтеме жасап.
«Біз елімізде коронавирустан емделгендердің саны 1000-нан асқанын мақтанып айтамыз. Соңғы аптада аурудың таралу деңгейі төмендеді, қазір індетті жұқтыру көрсеткіші шамамен 7%-ды құрайды», – дейді Есмағамбетова.
Сондай-ақ ол қазақстандықтарға карантин шараларын ұстанғаны үшін алғысын білдірді. Бас санитар дәрігердің сөзіне сүйенсек, еліміздегі жағдай бірте-бірте қайта қалпына келеді.
«Мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, карантин шараларын біртіндеп жеңілдетіледі. Біз қалыпты өмірге бірте-бірте оралуымыз қажет. Әрине, карантиннің жеңілдеуі елдегі жағдайға байланысты болады. Осының арқасында біз Қазақстандағы аурудың өрши түсуі мен медициналық жүйеге түсетін ауыртпашылықтың алдын алдық», – дейді ол.
Соңғы деректерге сенсек, коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 4028- ге жетті.

Бөлісу: