Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

 357 

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады.

«Республиканың оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен, екпінді желмен қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Түнгі сағаттарда солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында термометрдің сынап бағаналары 0 градустан төмен түседі. Алайда кезеңнің соңына қарай оңтүстік тропосфералық ағындармен республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауы күтіледі», – дейді «Қазгидромет» өкілдері.
Бөлісу: