Қоғам

Гүлзира Айдарбекова: Қайрат маған «Жұлдыз, менің басымды дуалап алған» деді

0
(0)

Қайрат Нұртас отбасымен бірге дастархан басында әңгіме-дүкен құрды. Әншінің ата-анасы жары мен өнердегі достары қызықты естеліктерін еске алды.

Мен Жұлдыздан қорқамын: Қайрат Нұртас келіншегі жайлы айтты

Бұл туралы «Дастархан» бағдарламасында айтылды.

Қайрат Нұртас жары Жұлдызды қызғанатынын мойындайды. Қайрат пен Жұлдыздың махаббатына қасында жүрген достары да, анасы да да куә болған.

«Қайрат жаңа әнші болып келе жатқанда оның артынан жүгірген қыздар да пайда бола бастады. Мен Жұлдызды бұрыннан танимын. Басқаларын ұнатпайтынмын. Қайрат та Жұлдызды жақсы көрді. Бірде маған «Осы мені Жұлдыз дуалап алған, қанша әдемі қыздар жүр қасымда, олардың ешқайсысын көрмеймін, басымнан Жұлдыз кетпейді, соны ойлап тұрам» деді. Мен оған мұның махаббат екенін, 17 жастағы жас қыз ондай сұмдыққа бармайды деп түсіндірдім», – деді анасы Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат пен Жұлдыздың махаббатын әншінің досы Ғазизхан да баяндады.

«Екеуінің махаббаты көрген адам қызығарлық еді. Қайрат концерттен кейін видеохабарлама арқылы Жұлдызбен сөйлесіп жүретін, өзінің қайда, не істеп жүргенін айтады. Қыздар көп, Жұлдыз қызғанады. Тіпті, жоғары қабатта жатсам, Қайрат мені шақырып алады. Қасында жатып Жұлдызбен сөйлесеміз. «Екеуміз кино көріп жатырмыз» деп алдаймыз. Сырт қарағанда қызығасың, күлесің. Бір-бірін қызғанып жүретін», – деді Ғазизхан Шекербеков.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close